Podcast

82 days ago 07.05.2026
Чемпиондар лигасы Елдос Ахметов Fonteam Подкаст Арсенал Атлетико Мадрид Микель Артета Бапкер рубрикасы
Елдос Ахметов: Артета "Арсеналда" Гвардиоланың тактикасын пайдалануда
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Чемпиондар лигасының жартылай финалына "бапкер рубрикасы" аясында "Арсеналдың" ойынына талдау жасады:

"Бұл дүние Гвардиоланың "Манчестер Ситиді" басқарған сәтте пайда болды. Пеп сол кездері Зинченконы солай пайдаланатын. Соның арқасында артқы тіреуіш жартылай қорғаушылар еркіндік алатын. Бұл тактика қазір дамып келе жатыр, біздің ұлттық құрама да осылай ойнауға тырысуда. Заманауи футбол осындай ережені бекітуде", – деді Елдос Ахметов.

85 days ago 04.05.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Тобыл ФК Жеңіс ФК ҚПЛ жаңалықтары
Елдос Ахметов: "Тобылдың" ойын сызбасы мәжбүрлі өзгерді
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Тобылдың" ойынына талдау жасады:

"Ойынның барысында, 12 минутта "Тобылдың " қорғаушысы жарақат алып қалады. Оның орнына қорғаушы емес, жартылай қорғаушы Зуев шықтв. Бірнеше күн бойы дайындалған ойын сызбасы әп сәтте ақ бұзылғасын, ойын мәнерін өзгерту қиын болды. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер, "Жеңіс" алғашқы таймда көп шабуыл жасап, қақпа бағанасын да бір шайқады. "Тобыл" екінші таймда жиналды, олар да қақпа бағанасына тигізді соққысын. Бірақ ойын тағдырын көптен өз мүмкіндігін күтіп жүрген Алдаир Адилов сұрапыл соққысымен шешіп кетті", - деді Елдос Ахметов.

85 days ago 04.05.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Қайрат ФК
Елдос Ахметов: "Қайрат" әлі ойыншылар алады
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Қайрат" құрамасына әлі жаңа ойыншылар қажет екенін атап өтті:

"Менің ойымша, "Қайрат" еурокубоктер алдында күшейеді. Себебі, өздері де түсінетінін шығар жаңа ойыншылар қажет екенін. Өйткені, Офри Арад кетті, Глейзер көрінбейді. Финдар келді, рақмет, бірақ тағы бір-екі ойыншы керек", - деді Елдос Ахметов.

85 days ago 04.05.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Оқжетпес ФК Қызылжар ФК ҚПЛ жаңалықтары
Елдос Ахметов: ойын тең болды, барлығын өзгерткен Әбинұр Нұрымбет
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Қызылжар" – "Оқжетпес" ойынына қатысты сұрақ өз пікірін білдірді:

"Менің ойымша, бүгінгі ойында "Қызылжар" тең нәтижеге лайықты болды, өйткені мүмкіндіктер екі тараптада жеткілікті болды. Бірақ, бұл ойынның тағдырын шешкен сұрмерген – Әбинұр Нұрымбет. Сол аяғымен осындай соққы жасай алатынын ешкім білмеген еді осыған дейін. Негізгі аяғы емес еді, "істемейтін" аяқпен осындай соққы жасаса, оң аяқпен не жасай алады? Дегенмен, "Қызылжар" басын түсірген жоқ, соңғы секундқа дейін соққы жасап жатты. Тек қақпашының сұрапыл сейвтерінің арқасында "Оқжетпес" үш ұпайды аман алып қала алды", – деді Елдос Ахметов.

89 days ago 30.04.2026
Чемпиондар лигасы Елдос Ахметов Арсенал Атлетико Мадрид
Елдос Ахметов "Атлетико" - "Арсенал" ойыны жайлы: жоғары деңгейдегі қорғанысты көрдік
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов “Атлетико” – “Арсенал” “ойыны жайлы өз пікірін білдірді:

“Жоғары деңгейдегі қорғанысты көрдік. Өйткені, екі ұжымда қорғаныста өте тамаша ойнайды. Доптан төмен орналасу керек деген жүйені екі команда да жақсы меңгерген. Білесіздер ғой, допты жоғалтсаң, доптан төмен орналасу қажет. Бірден, екі-үш сызыққа орналасып, қорғану қажет. Дәл осындай ойын өрнегінің керемет үлгісін көрсетті екі команда”, – деді Елдос Ахметов.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы матчында “Атлетико” өз алаңында лондондық “Арсеналмен” тең түсті, есеп 1:1.

89 days ago 30.04.2026
Чемпиондар лигасы Бавария Елдос Ахметов бапкер
Елдос Ахметов: Венсан Компанидің алаң жиегінде болмағаны қиын болды
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов “Бавария” бас бапкері Венсан Компани сол ойынға қатыса алмағаны командаға қаншалықты әсер еткенін айтып берді:

“Қараңыздар, 24 сағат жаныңда жүрген адам бір сағат қасыңда болмаса, қиналып кетесің, ол да солай. Сол сияқты, бас бапкердің орны бөлек, Компанидің қабағы керек болды, Компанидің ақылы мен нақылы керек болды. Бірақ соған қарамастан, Венсан ойын соңындағы баспасөз маслихатта өзінің көмекшілеріне алғысын білдіріп, оларға сенімі мол екенін жеткізді”, – деді Елдос Ахметов.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында ПСЖ өз алаңында 5:4 есебімен “Баварияны жеңе алды.

89 days ago 30.04.2026
Чемпиондар лигасы Бавария Олжас Байбосын Алтын доп ПСЖ Хвича Кварацхелия Әлем чемпионаты
Олжас Байбосын: Хвича "Алтын допқа" таласта үздік ондыққа кіреді
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, танымал спорт комментаторы Олжас Байбосын ПСЖ – “Бавария” матчында керемет ойын өрнегін көрсеткен Хвича Кварацхелия жайлы пікір білдірді:

“Алтын допқа” таласта әлбетте ондықта болады, бірақ үміткер емес, себебі Грузия биыл әлем чемпионатына қатыспайды. Сол жәйт шешіп кетейін деп тұр”, – деді Олжас Байбосын.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында ПСЖ өз алаңында 5:4 есебімен “Баварияны жеңе алды.

89 days ago 30.04.2026
Чемпиондар лигасы Бавария Елдос Ахметов ПСЖ
Елдос Ахметов: "Невештің голы – үй дайындығы"
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, танымал спорт комментаторы Олжас Байбосын ПСЖ – “Бавария” ойынында Жоао Невештің баспен соққан голына таң қалғанын айтып, Елдос Ахметовтан осыған байланысты сұрақ қойды.

Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов бұны футболдың қыр-сыры деді:

“Бұл енді футболдың сәл қыр-сыры ешкім білмейтін. Өйткені, бойшаң ойыншылардың барлығында стандарттық жағдайда кім кіммен ойнайтыны жазылып қояды. Бұл жерде бұл балаға қарсылас ойыншылар қатты көңіл бөлмейтінін Луис Энрике біліп, жаттығуда дайындалып нақышталған, барлығы алдын ала тағайындалған нәрсе”, – деді Елдос Ахметов.

 

89 days ago 30.04.2026
Чемпиондар лигасы Бавария Олжас Байбосын ПСЖ
Олжас Байбосын: Бейберекет хаосқа толы ойын болды
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, танымал спорт комментаторы Олжас Байбосын ПСЖ – “Бавария” ойынына қатысты өз пікірін білдірді:

“Бұл ойынға байланысты Тьерри Анри пікір білдірген екен. Сол кісіні тыңдап, оқып жүрмін. Бұл матчта бейберекет хаос болды, өйткені бұндай жоғары деңгейдегі ойында тоғыз гол соғылмауы керек, қорғаныс қайда? Жүйелі система бұзылып кетті. Әрине, бізге жанкүйерлер ретінде қызық болды тоғыз голды көру, бірақ футболдық тұрғыдан талқыласақ, бұндай қателіктерді жібермеу керек еді, – деп Анридің ойымен келісті футбол маманы.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында ПСЖ өз алаңында 5:4 есебімен “Баварияны жеңе алды.

92 days ago 27.04.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Ордабасы ФК Қызылжар ФК ҚПЛ жаңалықтары
Елдос Ахметов: "Ордабасы" шабуылдаушы ойын стилін дәріптеуде
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының жетінші тур ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов “Қызылжар” – “Ордабасы” ойынына талдау жасады:

“Ойынға келетін болсақ, ерінбей қарадым. Ойын қызық болды. себебі командалардың стилдері мүлдем қарама-қайшы болды. “Ордабасы” алғашқы минуттардан шабуылға дем қойып, керемет пастар арқылы қарсылас қорғанысын бұза бастады. Ойншылар орталық алаңда керемет ашылып жүрді, екі жаңа ойынщысы Абагна мен Натель жоғары деңгейде ойнады.

Ал “Қызылжар” болса, алғашқы минуттардан допты қарсыластың жарты алаңына теуіп жіберіп, бес қорғаушымен қорғана бастады.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11