Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындарына шолу болды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов “Атлетико” бапкері Диего Симеоне және оның баласы жайлы пікір білдірді:
“Ең қызықты нәрсе, Симеоненің баласы, қанша жерден мықты ойыншы болса да, Диего өз баласын ауыстырып тастады. Өйткені, алғашқы рөлге әке мен бала емес, нәтиже шықты. Ал оның орнына шыққан Сорлот “сорлатты”. Сорлатқаны сонша, қарсылас команданың қорғаушысы қызыл қағаз алуына себепші болды”, – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындарына шолу болды.
Подкаст резиденті, танымал спорт журналисі Олжас Байбосын “Реалдың” мәселелері көп екенін атап өтті:
“Бейберекет хаос маусым барысында болып жатыр “Реалда”. Алонсоның кетіп қалуы, бәлкім басшылық сол кезде бапкерді қолдау керекпеді.. өйткені Арбелоа келді, Арбелоадан не күтті “Реалдың” жанкүйерлері, мен түсінбеймін, ол өмірінде бапкер болып көрмеген адам. Иә, “Манчестер Ситиден” өтті мақұл, ол өзі И.О. болып отқан маман, оған былайша айтқанда бәрібір ғой”, – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындарына шолу болды.
Подкаст резиденті, танымал спорт журналисі Олжас Байбосын “Алтын доп” жүлдесін әлем чемпионатын жеңген ойыншы алады деген тұжырым айтты:
“Алтын допты биыл әлем чемпионы кім болады, сол алады. Франция әлем чемпионатын жеңсе, Олисе, Дембеле немесе Мбаппе алады, ал Испания жеңсе, Ламин Ямал алады”, – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындарына шолу болды.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік Бавария мен Реал Мадрид ойынындағы төрешілікке өз наразылығын білдірді;
“Рекордтар қызық емес, дым қызық емес, суды да ішкім келмейді. Винчике нервім ауырып отыр, Қазақстанның төрешілері жақсы мынадан. Болмайды былай, ұят. “Реалға” обал болды”, – деді футбол маманы.
Мюнхенде өткен Чемпиондар лигасының ширек финалында “Бавария” “Реалды” 4:3 есебімен жеңіп (екі ойынның қорытындысы 6:4), жартылай финалға жолдама алған болатын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындарына шолу болды.
Подкаст резиденті, танымал спорт журналисі Олжас Байбосын "Реалдың" жұлдыздары Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор туралы өз пікірін білдірді:
"Мен айтамын ғой, екеуі үйлеспейді. Екеуі де мықты ойыншы, бірақ үйлеспейді, білмеймін неге екенін. Мбаппе бермей қойған кезде (пасты), Вини жынданып кетті ғой, ашуланып, боқтанып. Көрпені бір бірінен тартып жатыр".
Одан бөлек, футбол комментаторы команда да екі лидердің болғаны қате екенін де атап өтті:
"Кезінде, Криштиану бар кезде, бүкіл команда тек оған ойнайтын еді. Сен Бензема болсаң да, Бейл болсаң да, барлығы Роналдуға ойнайтын еді", - деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасындағы кезекті подкастта Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын астаналық "Жеңіс" жайлы өз пікірін білдірді:
"Жеңісте" мәселе көп. Әли Әлиевті ұлттық құрамаға барған кезде, жас маман, ұлттық құраманы дайындай алмайды. Жас мамандар клубта жұмыс істеу қажет деп айтып еді барлығы. Маусым өте сәтсіз басталды, бұл кісіге қиын болып жатқан шығар.
Одан бөлек, спорт журналисі Әлиевтің бұрынғы клубымен кезінде соттасқанын атап өтті:
Қателеспесем, Әли Әлиев "Қызылжармен" соттасты ғой. Қазір енді келіп, ірі есеппен жеңіліп отыр, - деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасында шыққан подкастта Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турына шолу жасалды.
Подкаст барысында Ерсін Ерік Қазақстан кубогының регламентіне қатысты сын білдірді:
"Қазақстан кубогының өткен кезеңі әділетсіз болды. Неге Премьер-лига командалары төменгі дивизион ұжымдарына қарсы легионерлер шығарады? Тек "Астана" мен "Қайрат" қана лайықты болған, жастарымен ойнады түгел", - деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының подкастында Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турына шолу жасалды.
Подкасттың жүргізушісі Әлімжан Асқар "Ақтөбе" командасының жұлдызы Луиш Наниге қатысты өз пікірін білдірді:
"Өкінішке қарай, "Ақтөбе" командасында көп нәрсені түсінбей жатырмын. Наниға қатысты айтатын болсақ, стандарттарды Нани орындайды, бірақ, тепкен добы Португалияға, айдалаға ұшып жатыр. Бұл бір,екіншіден, стандартты жақсы орындайтын Наниден басқа да ойыншылар бар".
Футбол маманы "қызыл-ақтардың" чемпиондыққа таласатынына да күмән келтірді:
"Қайрат" капитаны Александр Мартынович Наниге қатысты пікір білдірген екен, айтқанымен келісемін. "Ақтөбеге" Нани келеді, ол бастамасы болады, одан кейін тағы мықты ойыншылар қосылады, сосын команда чемпиондыққа таласады деп. Бірақ өкінішке орай, бүгін де "Кәспийге" қарсы чемпиондық ойынды көрмедім", - деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының подкастында Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турына шолу жасалды. Подкаст барысында ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Ақтөбе" – "Каспий" ойынына тоқталып, "қызыл-ақтардың" жаңа бапкері жайлы өз пікірін білдірді:
"Ақтөбе" бапкеріне келетін болсақ, жұмыс істеліп жатыр, көрініп тұр. Ойыншылардың тактикасы өзгертіліп, көп шабуылға көңіл бөлетін болған. Артур Шушеначевтің де қанжығасы майланды. Артур пенальтиден гол соқты, бірақ пенальти 100% әділ болды", - деді Ахметов.
Жас бапкер қонақтардың да ойынына тоқталып кетті:
"Каспийге" келетін болсақ, олар әлі өз ойын таппаған сияқты", - деді маман.
Fonteam YouTube-арнасында шыққан подкастта Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары талқыға түсті.
"Реал Мадрид" пен "Бавария" арасындағы ойын жайлы пікір білдірген Ерсін Ерік былай деді:
"Олисе шешіп кетті (ойын тағдырын). Олисенің дриблингі, Каррерастан бірнеше рет оңай өтіп кетуі шешуші факторлар болды. Каррерас әлі дайын емес екен", – деді маман.
Естеріңізге салайық, Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойынында мадридтік "Реал" өз алаңында мюнхендік "Баварияға" 1:2 есебімен есе жіберді. Жауапты ойын 16 сәуір күні, түнгі 00:00-ге жоспарланған.