Fonteam YouTube-арнасының подкастында Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турына шолу жасалды.
Подкасттың жүргізушісі Әлімжан Асқар "Ақтөбе" командасының жұлдызы Луиш Наниге қатысты өз пікірін білдірді:
"Өкінішке қарай, "Ақтөбе" командасында көп нәрсені түсінбей жатырмын. Наниға қатысты айтатын болсақ, стандарттарды Нани орындайды, бірақ, тепкен добы Португалияға, айдалаға ұшып жатыр. Бұл бір,екіншіден, стандартты жақсы орындайтын Наниден басқа да ойыншылар бар".
Футбол маманы "қызыл-ақтардың" чемпиондыққа таласатынына да күмән келтірді:
"Қайрат" капитаны Александр Мартынович Наниге қатысты пікір білдірген екен, айтқанымен келісемін. "Ақтөбеге" Нани келеді, ол бастамасы болады, одан кейін тағы мықты ойыншылар қосылады, сосын команда чемпиондыққа таласады деп. Бірақ өкінішке орай, бүгін де "Кәспийге" қарсы чемпиондық ойынды көрмедім", - деді Әлімжан Асқар.