Fonteam YouTube-арнасындағы кезекті подкастта Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын астаналық "Жеңіс" жайлы өз пікірін білдірді:
"Жеңісте" мәселе көп. Әли Әлиевті ұлттық құрамаға барған кезде, жас маман, ұлттық құраманы дайындай алмайды. Жас мамандар клубта жұмыс істеу қажет деп айтып еді барлығы. Маусым өте сәтсіз басталды, бұл кісіге қиын болып жатқан шығар.
Одан бөлек, спорт журналисі Әлиевтің бұрынғы клубымен кезінде соттасқанын атап өтті:
Қателеспесем, Әли Әлиев "Қызылжармен" соттасты ғой. Қазір енді келіп, ірі есеппен жеңіліп отыр, - деді Олжас Байбосын.