Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының жетінші тур ойындарына шолу болды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов “Қызылжар” – “Ордабасы” ойынына талдау жасады:
“Ойынға келетін болсақ, ерінбей қарадым. Ойын қызық болды. себебі командалардың стилдері мүлдем қарама-қайшы болды. “Ордабасы” алғашқы минуттардан шабуылға дем қойып, керемет пастар арқылы қарсылас қорғанысын бұза бастады. Ойншылар орталық алаңда керемет ашылып жүрді, екі жаңа ойынщысы Абагна мен Натель жоғары деңгейде ойнады.
Ал “Қызылжар” болса, алғашқы минуттардан допты қарсыластың жарты алаңына теуіп жіберіп, бес қорғаушымен қорғана бастады.