Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Тобылдың" ойынына талдау жасады:
"Ойынның барысында, 12 минутта "Тобылдың " қорғаушысы жарақат алып қалады. Оның орнына қорғаушы емес, жартылай қорғаушы Зуев шықтв. Бірнеше күн бойы дайындалған ойын сызбасы әп сәтте ақ бұзылғасын, ойын мәнерін өзгерту қиын болды. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер, "Жеңіс" алғашқы таймда көп шабуыл жасап, қақпа бағанасын да бір шайқады. "Тобыл" екінші таймда жиналды, олар да қақпа бағанасына тигізді соққысын. Бірақ ойын тағдырын көптен өз мүмкіндігін күтіп жүрген Алдаир Адилов сұрапыл соққысымен шешіп кетті", - деді Елдос Ахметов.