Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің оныншы турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы Бек Шмат "Қайрат" клубы Еуропада ойнаған бірнеше ойыншымен келісімге келгенін айтты:
"Бүгін ғана сол жақтан әңгіме естіп келдім. Рас өтірігін алдағы уақыттың еншісінде. "Қайрат " төрт ойыншымен келісімге келген екен. Екеуі Ла Лигада, біреуі Бундеслигада және тағы біреуі Грекия чемпионатында ойнайды екен. Және де маусым айында трансферлік терезе ашылғанда Себальоспен қоштасады екен", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст қонағы Бек Шмат "Жеңіс" қорғаушысы Ардақ Сәулеттің ойынын ерекше атап өтті:
"Елдос аға, ойында болдыңыз. Ардақ Сәулет менің ойымша ойынды өте керемет деңгейде өткізді оң қапталда да, ортада да жақсы ойнады, бір рет допты бос қақпадан алып шықты", – деді Бек Шмат.
Елдос Ахметов те қазақстандық ойыншының астаналық ұжымдағы үздіктердің қатарында екенін айтты:
"Ардақ Сәулет"Жеңістің" үздік ойыншыларының бірі. Біздер, Талғат Байсуфинов бастаған бапкерлік штаб арнайы осы ойынды бірге көрдік", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар "Ордабасы" бапкері Андрей Мартиннің 4 матчқа шеттетілгені тым көп екенін атап өтті:
"Андрей Мартинге берілген 4 матч дисквалификациясы тым көп деп ойламайсыздар ма? 4 матч тым көп. Енді"Ордабасы" басшылығы аппелияция беріпті. Шамасы, "Қайрат" матчына Андрей Мартинді алаңның шетінде көріп қалармыз", – деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Ордабасы" - "Жетісу" ойынында болған даулы эпизодқа өз пікірін білдірді:
"Төреші өзін сақтап қалды деп ойламайсыздар ма? Төреші сол сәтте ысқырып, өз өзін сақтап барып пенальти берді. Өйткені бұның алдындағы эпизодтарда, ойындарда көп даулы сәттер болып жатты ғой", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Ордабасы" - "Жетісу" ойынына талдау жасады:
"Бұл ойында Сергей Малый нағыз капитандық қызмет атқарды. Өзіне сеніп, 90 минутта алдыға жүгіріп, Серхио Рамос секілді шабуылдап, баспен соққы жасады. Сергеймен екеуміз құрдаспыз. Мен бәлкім сәл кәрі көрінетін шығармын (күліп)", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Олжас Байбосын "Астананың" жас шабуылшысы Мақсат Абраевқа қатысты өз ойын айтты:
"Абраевтың жеке техникасына тәнті болғаным соншама, қорықпайды екен ғой ол. Допты жоғалтып алып та жатты, бірақ тәуекелге жиі барып жатты. Доптан айырылса да, екі минуттан кейін доппен дәл солай жасап жатты. Ауызы күйген үрлеп ішеді демекші, жастарға ондай нәрсе өтпейді екен", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің тоғызыншы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік "Каспийдің" бапкері Ерлан Шойтымов жайлы пікір білдірді:
"Шойтымовтың келгенінен бері бірнеше матч қана өтті. Келе салып, осындай нәтиже көрсету қалай ол? Төрт ойында не істеп үлгерді, осындай ойын көрсету үшін?", – деді Ерсін Ерік.
Бұл сұраққа подкаст жүргізушісі Олжас Байбосын былай деді:
"Ол кісі қазір өзін көрсетіп, алдағы он жылда ҚПЛ-дің кез келген клубында жұмыс істей алатындай бапкер болатынын дәлелдеу керек. Бес ойын өткізді, ал соңғы екі ойында жеңіске жетті, маңызды алты ұпай ала алды", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің тоғызыншы турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, экс-қақпашы Алмат Бекбаев Даниил Подымскийдің автоголына өз пікірін білдірді:
"Вратарьдың голы ғой бұл. Қақпашы ретінде айтайын, бұл қақпашы жас тәжірибесі аз жігіт. Секірмей-ақ, сальто жасамай-ақ, жәй қолын көтергенде де жеткілікті болатын еді. Секіріп, төңкеріліп қажет емес еді. Жәй орныңда тұрып, қолыңды созуың қажет еді. Доп қолға тиіп, алаң сыртына шығып кететін еді. Артық іс-қимыл жасады қақпашы", – деді Алмат Бекбаев.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің тоғызыншы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Оқжетпес" – "Атырау" ойынына өз пікірін білдірді:
"Біріншіден, екеуінің ойын стильдері жайлы айтсақ, "Атырау" өзі ойнамаса да, ешкімді ойнатпайды. Және де, "Атырау " қарымта шабуылға қатты бейімделген команда. Егерде қарымта шабуылдан соқса соқты, соқпаса бір ұпайға да риза болады. Ал "Оқжетпеске" келетін болсақ, бұл команда әр ойында жеңіске жеткісі келеді. Бірақ ондай ойындар болып тұрады. Кей бір күндері доп қақпаға кіргісі келмей қалады. Жалпы екі командада да мүмкіндік болды", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Арсенал" клубының жартылай қорғаушысы Деклан Райс жайлы өз пікірін білдірді:
"Райсты мақтап кеткім келеді осы орайда. Деклан команданың жыптық жерлерін жамап жүрген ойыншы. Шабуылмен қорғанысты байланыстыратын нағыз көпір", – деді Елдос Ахметов.