Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік финалдық ойында "Арсенал" жеңіске жетеді деген пікір білдірді:
"Былтырғы финал қайталанбайды, 5:0 болмайды. "Арсенал" осы финалда жеңіске жетеді деп ойлаймын. Финалдың потологын қойған "Реал", екі рет жеңіп қатарынан. ПСЖ екінші рет қатарынан жеңеді дегенге сене алмаймын өз басым", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік ПСЖ бапкері Луис Энрикеге қатысты пікір білдірді:
"Луис Энрикеге таң қаламын. Бұл командада Лионель Месси де ойнады, Неймар да ойнады, Мбаппе де ойнады. Бірақ олармен жасай алмаған нәрсені өзі жаңадан команда құрады. Дуэ, Жоао Невеш дегендер жұлдыз емес еді ғой. Нуно Мендеш, Хвича... Мойындадым Луис Энрикені", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Астана" шабуылшысы Рамазан Кәрімов жайлы пікір білдірді:
"Рамазанның кезінде "Мақтааралда" ойнаған ойынын іздейміз ғой. Бірақ бұл жерде тағы бір нәрсені ескеруіміз керек. Ол ойын стилі, "Астанада" ойын стилі өзгеше. Рамазан "столб" болып ойнайды ғой. Сол себепті де ол бір ойынды жақсы ойнайды, ал екінші ойында сәл ойыны жүрмей қалады. Менің ойымша, бұл балаға тек тұрақтылық керек", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Оқжетпес" командасының ойынын ерекше атап өтті:
"Оқжетпес" қазір мақтарға тұрарлық команда. "Ордабасы" жеңе алмаған "Алтайды" дәл осы "Оқжетпес" жеңді ғой. Олар өз мүмкіндігін асықпай стандарттық жағдайдан күтеді. Команда бүкіл бағыт-бағдарын стандартқа қойған", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Елімай" шабуылшысы Фессу Плаккаға қатысты өз пікірін білдірді:
"Плакка деген, әрдайым айтатынмын, Қазақстан біріншілігіндегі үздік легионерлердің бірі. Өйткені шеберлігі шынымен жоғары деңгейде бұл ойыншының", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Жасұлан Әмірдің ойынына жеке тоқталып өтті:
"Бұл бала қазіргі таңда"Ордабасының" бетке ұстар ойыншыларының бірі. Неге 90 минут ойнай бастады? Себебі, бас бапкер (Андрей Мартин) жайлап дайындады Әмірді. Бастапқы минуттан ойната берсе, жарақат алып қалу қауіпі болар еді. Басында 30 минут ойнатты, сосын бір тайм ойнатып отырды, енді міне 90 минут ойнатып, Жасұлан екі гол соқты", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік "Тобылдың" "Ордабасыға" қарсы бір ойыншыға кем ойнағаны жайлы пікір білдірді:
"Менің ойымша, "Тобылға" бұл ойында толық құраммен ойнаса да, ұпай алуы қиын болатын еді. Себебі, команда да қазір "спад", ол ашық көрініп тұр. Қорғаныста мәселе бар, ортада мәселе бар, Асхат Тағыберген жалғыз өзі сүйрей алмауда команданы", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік Семейде өткен ойынның трансляциясына риза екенін айтып өтті:
"Трансляцияға қарасақ, бүгін "Елімай" мен "Жеңістің" ойынын сүйсініп көрдім. РПЛ-дің (Ресей Премьер-лигасы) ойынын көргендей болдым. Трансляция жақсы болса, экран алдындағы сурет әдемі болса, кәдімгідей адамды баурайды екен. Сол ойынның режиссері де, операторлары да мықты мамандар екен", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің оныншы турына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар "Жеңіс" клубының Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққанын атап өтті:
"Жеңіс", менің ойымша, Еурокубокке шығудың төте жолын тапты. Жартылай финалға жолдама алды. Енді, әрине команданың ойы кубоктық ойынға да бөлінетінін секілді", – деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің оныншы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Қайрат" ойыншысы Азамат Тұяқбаевтың ойынын ерекше атап өтті:
"Тұяқбаевтің ойынына тоқталуымыз керек. Шыныменде, Азамат ойынға қосалқы құрамнан легионерлер деңгейінде қосылып, ойынды жандандырды. "Ордабасыда" Жасұлан Әмір мен Мағжан Тоқтыбай шығып жатыр, "Қайратта" Тұяқбаев сияқты ойыншылар алаңға шығып жатқаны, менің ойымша Қазақстанның кішігірім жеңісі деп ойлаймын", – деді Елдос Ахметов.