Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, белгілі ақын Бек Шмат "Арсеналдың" шабуылында неліктен Кай Хаверц ойнағанын түсіндірді:
"Кай Хаверц алаңға не үшін шықты? Ол номиналды шабуылшы болғанымен, гол соққасын Троссар мен Сака алға кеткен кезде, тіпті Эдегор алдыға шығып жүрген кезде, бұл орталық алаңға түсті. Себебі, ортада баспен ойнай алатын, допқа таласатын, корпуспен ойнай алатын ойыншы қажет болды. "Арсеналда бұл ойында тек физика шешті, техника шешкен жоқ. Ал керісінше, ПСЖ-да техника ұрып тұрды", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, белгілі ақын Бек Шмат Букайо Саканың ойынына көңілі толмағанын айтты:
"Бірінші таймда доп Букайо Саканың қолына тиген, сол кезде төреші "Арсенал" қақпасына пенальти беру керек еді. "Арсеналдың" фанаты болсам да, айтайын, бірінші тайм аяқталар тұста доп Саканың қолына тиген. Жалпы өзі де Саканың алаңда жанып жүрді", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, комментатор Бексұлтан Кеулімқос "Ақтөбе" клубының сәтсіз ойындары жайлы пікір білдірді:
"Жалпы, "Ақтөбенің" бірінші айналымда неге сәтсіз ойнады деген сұрақтың жауабы жарақаттар сияқты. Себебі, негізгі құрам ойыншылары, легионерлері де құрамда жоқ: Соса, Митрович, Корзун, қапталда Бағдат Қайыров жоқ, Темірлан Ерланов та осы ойынға енді жарақатынан айығып оралды. Жалпы, біраз футболшы жоқ құрамда, соның кесірінен-ақ ойыны жүрмеуде "Ақтөбенің", – деді Бексұлтан Кеулімқос.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, комментатор Бексұлтан Кеулімқос "Оқжетпес" - "Ақтөбе" ойынында болған төрешінің қателігін атап өтті:
""Ақтөбенің" соңғы минутта жеңісті қолдан жіберіп алғаны өкінішті болды. Өйткені, төреші "Оқжетпеске" жоқ жерден айып добын берді. "Оқжетпес " шабуылшысы өз аяғына шалынып, құлаған еді қапталда. Сол айып добынан кейін айып алаңына доп әуелетілді, Ордецтің құлақшекесіне шынтақпен соққы жасалады, төреші фол бермеді. Әрине, кішігірім қателіктер сөзсіз, дегенмен ойын тағдырына әсер етті осы фолдар", – деді Бексұлтан.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, комментатор Бексұлтан Кеулімқос Дидар Есімовтің чемпиондық интригаға қатысты сауалына өз ойын білдірді:
"Маусымның аяқталуына әлі өте ұзақ уақыт бар. ҚПЛ клубтарынан көріп отырмыз ғой, кез келген команда бір бірінен ұпай тартып алып жатыр. "Алтайдың" өзі "Астанадан" ұпай тартып алып жатыр, "Каспий" де "Астананы" жеңді, "Тобыл" быт-шыт болып жатыр. Сол себепті әлі ұпай жоғалтулар алда әлі өте көп болады", – деді Бексұлтан Кеулімқос.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, экс-қақпашы Алмат Бекбаев "Ордабасының" соққан алғашқы голы Темірлан Анарбековтың қателігінен кірді деп есептейді:
""Ордабасының" бірінші голына келсек, "Қақпашы рубрикасы" демекші (күліп), мысалға, соққы жасалды, және гол таза 100% Темірлан Анарбековтың қателігінен кірді деп ойлаймын. Қақпашы ретінде допты қағып алуың керек, болмаса, жұдырықпен басқа жаққа ұрып жіберуің керек. Жатпай-ақ, жәй ғана допты қағып алуы керек еді Темірлан", – деді Алмат Бекбаев.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, экс-қақпашы Алмат Бекбаев "Ордабасы" - "Қайрат" ойынына қатысты пікір білдірді:
"Қайрат" ойынды жақсы бастады. Алғашқы 5-10 минут басымдыққа ие болды. Соның арқасында алғаш болып есепті де ашты. Жоржиньо әдемі гол соқты ", – деді Алмат Бекбаев.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов финалдық ойынға өз болжамын жария етті:
"Мен де Әлеке секілді "Арсеналдың" жеңгенін қалаймын. "Арсенал" АПЛ-ді алды, енді Чемпиондар лигасын алса... Бірақ статистикаға сүйенсек, ПСЖ қағаз жүзінде мықтырақ болып тұр. Бірақ доп домалақ, бәрі болуы мүмкін. Стандарттық жағдай шешіп кетуі мүмкін. Бірақ ПСЖ сонда да өзінікін істеп кетеді деп ойлаймын. Есеп қандай болады? ПСЖ бір-екі доп айырмашылығымен жеңеді", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Витинья мен Деклан Райстың арасында таңдау жасады:
"Витинья да, Деклан Райс та шабуылды бастайтын футболшылар. Позициясы бір, бірақ функциялары әртүрлі. Витинья қысқа паспен ойнайды, ал Деклан Райс керісінше ұзын пасты жақсы береді. Сол себепті, оларды салыстыру қиын", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов ПСЖ шабуылшысы Хвича Кварацхелия жайлы өз пікірін білдірді:
"Хвича индивидуалды түрғыда осы финалдық жарқын жұлдызы болады деп ойлаймын. MVP болуы мүмкін. Өздеріңіз де білесіздер, жоқ жерден өзіне мүмкіндік жасап, сол мүмкіндікті 100% орындап кететін футболшы", – деді Елдос Ахметов.