Podcast

47 days ago 11.06.2026
Ерсін Ерік Криштиану Роналду Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Португалия
Ерсін Ерік: Футболға махаббаты бар адам Португалияға жанкүйер болады
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті Ерсін Ерік мундиальда қай елге жанкүйер болатынын айтты:

"Футболға махаббаты бар адам, футболда әділеттілік іздейтін адам Португалияға жанкүйер болады. Испанияға неменеге жанкүйер боламыз? Олар болды ғой әлем чемпионы. Футболдың аңызы, Криштиану Роналду болу керек қой әлем чемпионы", – деді Ерсін Ерік.

47 days ago 11.06.2026
Олжас Байбосын Испания Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026
Олжас Байбосын: Испанияға жанкүйер боламын
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Әлем чемпионаты қарсаңында превью жасалды.

Подкаст резиденті, танымал комментатор Олжас Байбосын әлем чемпионатында қай құрамаға жанкүйер болатынын айтты:

"Испания. Испания құрамасына жанкүйер боламын. Өйткені, көп жерде Испания чемпион болады деп айтып қойдым. Енді қазір басқаша сөйлесем, сәл дұрыс болмай қалады (күліп)", – деді Олжас Байбосын.

47 days ago 11.06.2026
Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: ӘЧ 48 команда қатысқаны қызық емес
Автор
Fonteam редактор
Автор

Әлем чемпионаты алдында Fonteam YouTube-арнасында кезекті подкаст шықты.

Эфирге оралған Ермұхамед Мәулен әлем чемпионатына қатысатын командалар саны көп деп санайды:

"Әрине көп. Командардың көп болғаны да дұрыс емес деп есептеймін. Тіпті, 32 команда болған кезде де кейбір матчар нашар өтетін. Бірақ сол сан негізі оптималды нұсқа еді", – деді Ермұхамед Мәулен.

54 days ago 05.06.2026
Чемпиондар лигасы ПСЖ Арсенал Әлімжан Асқар
Әлімжан Асқар: Гариэл – қорғаушы болғасын солай тепті
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Әлімжан Асқар Чемпиондар лигасының финалында пенальтиден мүлт кеткен Габриэл Магальяешке қатысты пікір білдірді:

"Габриэлді алатын болсақ, ол қорғаушы болғасын солай тепті. Бізге, Fonteam арнасына Бағдат Қайыров келгенде айтқан еді: "Мен қиыс тепкеніме өкінбеймін, себебі ол менің басты жұмысым емес".

54 days ago 05.06.2026
Чемпиондар лигасы Ерсін Ерік ПСЖ Арсенал
Ерсін Ерік: "Арсеналдың" құрамы салыстырмалы түрде басқа топтардан әлсіз
Автор
Ерсін Ерік
Автор

"Арсеналдың" құрамы салыстырмалы түрде әлсіз ғой. Жартылай финалдағы "Баварияны" қара, ПСЖ-ны қара. Жекелей тұрғыда да "Арсеналдың" құрамы әлсіз.

54 days ago 04.06.2026
Чемпиондар лигасы ПСЖ Арсенал Дидар Есімов
Дидар Есімов: Букайо Сака Усман Дембелемен бір деңгейде
Автор
Fonteam редактор
Автор

"Букайо Сака Усман Дембелемен ± бір деңгейде. Сака шабуылғада толыққанды шықпады ғой, қорғаныста болды. Жалпы, осы маусымы Букайоның жалпылай келгенде әлсіздеу. Бірақ, ойыншылардың классы бір деңгейде", – деді Дидар Есімов.

54 days ago 04.06.2026
Чемпиондар лигасы Олжас Байбосын ПСЖ Арсенал
Олжас Байбосын: "Арсенал жанкүйерлері бұрыштама добына қуанып жатты
Автор
Олжас Байбосын
Автор

"Бір қызықты айтайын ба? Мен "Арсенал" фандарымен бірге отырдым ғой матчта.  Бұрыштама болған кезде қуанды ғой барлығы кәдімгідей пенальти бергендей. Сосын қасымдағы қазақ баладан сұрадым себебін. Сөйтсем, сондай нәрсе қалыптасып кеткен екен оларда. Бұрыштамаға қуану – антифутбол ғой негізі", – деді Олжас Байбосын.

54 days ago 04.06.2026
Чемпиондар лигасы ПСЖ Арсенал Дидар Есімов
Дидар Есімов: "Арсенал" гол соғып алып, өз айып алаңынан шыққан жоқ
Автор
Fonteam редактор
Автор

"Былтырғы финалда үлкен доминация болды деп айтып жатады көпшілік. Бесте нөл болды деп. Бірақ, биылғы финалда доминация оданда жоғары болды деп ойлаймын. Бір гол соғып алып, 120 минут өз айып алаңында жатып алды", – деді Дидар Есімов.

58 days ago 31.05.2026
Чемпиондар лигасы ПСЖ Дидар Есімов
Дидар Есімов: ПСЖ-ны мақтауымыз керек
Автор
Fonteam редактор
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.

Подкаст жүргізушісі Дидар Есімов ПСЖ клубына қатысты пікір білдірді:

"Біз ПСЖ-ны аз мақтап қойған жоқпыз ба негізі ? Жалпылай қарасақ, маусым бойы керемет перформанс жасады. Менің ойымша, осы маусымда ең үздік ойын көрсеткен "Баварияны" қалай тізе бүктірді... Хвича Кварацхелия Ибрагимовичтің рекордын қайталады, он гол соғып. Усман Дембеле бүгін маусымдағы 20 голын соқты, одан бөлек 10 ассисты да бар", – деді Дидар.

58 days ago 31.05.2026
Чемпиондар лигасы ПСЖ Арсенал Бек Шмат
Бек Шмат: "Арсенал" ойыншыларына тәжірибе жетіспеді
Автор
Fonteam редактор
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.

Подкаст қонағы, белгілі ақын Бек Шмат "Арсенал" ойыншыларына тәжірибе жетіспеді деген пікір білдірді:

"Арсенал" сапында жасы бойынша ең үлкен ойыншы Давид Райа болды, 1995 жылғы, одан кейін Эдегор 1998. Олардан кейінгі жігіттердің барлығы 2000-нан кейін туылған. Кай Хаверц мысалға 2001 жылғы. Сол Кай Хаверцтен басқасы финал көрмеген, осындай аураны, атмосфераны көрмеген. Барлық 25 ойыншыны қосып есептегенде, команданың орташа жасы 24 жасты құрайды, 25-ке де жетпейді", – деді Бек Шмат.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11