Podcast

41 days ago 17.06.2026
Франция Әлімжан Асқар Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026
Әлімжан Асқар: Франция әуелде Сенегалдан сескенді
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар Францияның алғашқы таймда Сенегалдан сескенгенін айтты:

"2002 жылғы Франция құрамасының бұрыңғы жұлдыздары Виера, Карамбю, Пире сияқты ойыншылары осы ойынды тамашалап отырды ғой. Және олардың көңіл-күйі түсінкі болды, флешбэктер келген сияқты. Бірінші тайм біткен кезде хаттамада ешкімнің есімі де жоқ, ешкім сары қағаз да алған жоқ, ауысымда болған жоқ. Бірінші тайм Франция үшін нашар өтті", – деді Әлімжан Асқар.

41 days ago 17.06.2026
Олжас Байбосын Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Аргентина Лионель Месси
Олжас Байбосын: футболдың атауын Месси деп өзгертейік
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Олжас Байбосын Аргентина - Алжир матчына қатысты пікір білдірді:

"Чемпионат баршаға ортақ емес. Месси баршаға ортақ. Футбол атауын өзгертейік, "Мессибол" деп атайық. Fonteam-нің де атауын өзгертейік Месси деп, лайық соған", – деді Олжас Байбосын.

41 days ago 17.06.2026
Олжас Байбосын Әлем чемпионаты ӘЧ Өзбекстан
Олжас Байбосын: Өзбекстандық Машарипов Қазақстан үшін Асхат Тағыбергенмен тең
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Олжас Байбосын Өзбекстан құрамасына қатысты өз пікірін білдірді:

Машариповты Өзбекстан құрамасынан шығарып тастапты. Қатты әңгіме болып, талқыланып жатыр енді. Қазақстанмен салыстырсақ, Машариповты Қазақстан үшін Асхат Тағыбергенмен теңестіруге болады. АҚШ-қа жазылып қалады ау жарақатынан деген оймен апарған болатын, бірақ соңғы бекітілген тізімге енбей қалды. Енді Каннаваро Өзбекстан үшін сәл халық жауы болып қалды", – деді Олжас Байбосын.

43 days ago 15.06.2026
Ермұхамед Мәулен Ұлттық құрама
Ермұхамед Мәулен: ұлттық құрамаға да жасанды табиғиландыру жасау қажет
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасына да жасанды табиғиландыру жасау қажет екенін атап өтті:

"Мен осыны баяғыда айттым. Қазақстан ұлттық құрама командасын тура қазір күшейтуіміз керек. Ертең азанда күшейтетін жағдай керек болса, футбол деген өте ұзақ процесс. Қазір бір бала "Қайраттың" академиясында тоғызыншы сыныпта оқып жатыр. Ол шығып ұлттық құрамаға келіп, Елдос Ахметовтың қоластына келуі үшін әлі бес-алты жыл бар. Оны күтіп отыратын менде уақыт жоқ. "Вердерде" ойнап жатыр ғой ойыншы, анасы Түлкібаста туған", – деді Ермұхамед Мәулен.

43 days ago 15.06.2026
Винисиус Жуниор ӘЧ ӘЧ-2026 Бразилия Ермұхамед Мәулен Марокко
Ермұхамед Мәулен: Бразилияның соққан голы – Винисиустың жеке шеберлігі
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Бразилияның соққан голы жайлы пікір білдірді:

"Ол голға таң қалатын несі бар? Чемпиондар лигасынан-ақ көріп жүрміз ғой Винисиустың осындай голдарын. Бір адамды оп-оңай алдайды, жеке шеберлігі бар. Бұл Бразилия ұлттық құрамасының әдемі үйлесімді жұмысының арқасы емес, Винисиустың жеке шеберлігі", – деді Ермұхамед Мәулен.

43 days ago 15.06.2026
Елдос Ахметов Ұлттық құрама
Елдос Ахметов: жастарымызды жолдастық кездесуде тексеріп көрдік
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымы өтті.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов жуырда өткен ұлттық құраманың жолдастық кездесулеріне қатысты пікір білдірді:

"Жұмыс жақсы! Өздеріңіз де білесіздер, Армения мен Венгрияға қарсы жолдастық кездесу өткіздік. Біздің мақсатымыз, жастарды осындай ойындарда тексеріп көру болды. Өзіміздің ойынымызды құрастырып, әрі қарай нақтылау. Менің ойымша, ұлттық құрамамыздың болашағы зор", – деді Елдос Ахметов.

43 days ago 15.06.2026
ӘЧ ӘЧ-2026 Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: әлем чемпионаты Қазақстанға ыңғайсыз уақытта өтуде
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен солтүстік Америкада өтіп жатқан мундиальдің уақыты Қазақстанғп ыңғайсыз деген пікір білдірді:

"Мынау әлем чемпионаты бізге, Қазақстанға ыңғайсыз уақыт екен. Мен үшін қатты байқалып жатқан жоқ, мен онсызда төрт-беске шейін өмір сүретін адаммын. Бірақ басқа адамдар үшін өте нашар уақыт екен. Олар сенбі, жексенбі демалыс күндері болса да, көп матчты көріп жатқан жоқ екен. Және кафе ресторандарды көреміз ғой енді, бірде бір адам футбол көру үшін келіп жатқан жоқ екен. Және де, екінші мәселе... Гаити - Шотландия әлем чемпионатының матчы деп айту өте қиын екен. Сондықтан топтық кезең аяқталып, плей-офф кезеңі басталған сәтте чемпионат қызатын секілді", – деді Ермұхамед Мәулен.

43 days ago 15.06.2026
Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Германия Ермұхамед Мәулен Кюрасао
Ермұхамед Мәулен: немістердің менталитеті ойын тағдырын шешті
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Германия – Кюрасао матчына қатысты өз пікірін білдірді:

"Немістер бір нәрсені істесе, соңына дейін апармай қоймайтын мемлекет, ұлт сондай. Менталитеті сондай. Кішкентай балалар арасындағы турнирлерде де бұларға ескерту жасайды, 13-14 жастағы балалары 7-8 голдан артық салмасын қарсылас қақпасына деп. Бірақ Кюрасао құрамасында ересек азаматтар ойнайды", деді Ермұхамед Мәулен.

47 days ago 11.06.2026
Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Португалия Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: УЕФА Португалияны чемпион қылуы тиіс
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.

Белгілі журналис, танымал комментатор Ермұхамед Мәулен Португалияның әлем чемпионы атануы мүмкін деген пікір білдірді:

"Оның барлығы саясат қой. Футболға саясат араласып кеткен деп бір нұсқа айтатын болсақ, УЕФА Португалияны чемпион қылуы тиіс. Өйткені текетірес керек, адамдарға қызық дискуссия керек. Футболдың мәңгі бақи қырғиқабақ екенін көрсету керек. Яғни, Месси әлем чемпионы болды ма, енді УЕФА көмектесіп, Португалияны чемпион қылу керек", – деді Ермұхамед Мәулен.

47 days ago 11.06.2026
Олжас Байбосын Криштиану Роналду Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Португалия
Олжас Байбосын: Криштиану Роналду шаршап қалған
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті Олжас Байбосын Криштиану Роналдудың жасы туралы әңгіме қозғады:

"Ол былай ғой. Шаршап қалған ғой (Криштиану), шал болып қалған ғой енді... Кезінде сөз жоқ, ең мықты футболист болды. Бірақ енді қазір ол ойнағысы келеді, мені неге шығармадың, неге аз уақыт бердің... Басталады ғой сондай мәселелер", – деді Олжас Байбосын.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11