Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 14 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын "Елімай" бапкері Андрей Карповичке қатысты пікір білдірді:
"Карпович мықты бапкер шығар, бірақ тұрақтылық жоқ. "Ақтөбеден" кету себебі де сол болды ғой. Чемпиондыққа жақын қалған кезде екінші орын алып қалды. Маңызды матчтарды беріп қойды", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 14 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Елдос Ахметов "Жетісу" бапкері Қайрат Нұрдәулетовке қолдау білдірді:
"Қайрат Нұрдәулетов ағамды қолдап кеткім келеді осы сәтте. Шыны керек, жүйке жүйесіне басқа материал алу керек сияқты. Қанша ойын болды, ұтып келе жатып, жеңісті жіберіп қойып жатады... Бапкердің жұмысы көрініп тұр. Құрамның көшбасшысы Серікжан Мұжықов болған жоқ. Соған қарамастан бұл ойында да жақсы нәтиже көрсетіп келді соңғы минутқа дейін", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен төрешілер санына қатысты пікір білдірді:
"Мен осы жерде айта кетейін. Мынау әлем чемпионатын ұйымдастырып жатыр. 48 команда келді, матчтардың саны автоматом көбейіп кетті, ал төреші жетпей жатыр. Кеше Феликс Цвайер қадалып жатты жерде, аяғы тартылып. Төрешілер де шаршайды ғой", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен мундиальді күтпеген команда жеңіп кетуі мүмкін деген пікір білдірді:
"Мынандай ғой. Әлем чемпионаты болған кезде, қарап отырқ қой. Құрамын қарайсың, әлеуетін қарайсың. Мысалға, қазір фаворит Бразилия, Месси ойнайтын Аргентина, Испания, Франция бетон енді. Англия... Осындай командалар дейміз ғой. Ал Нидерланд фавориттер қатарында жоқ. Сәл әлсіздеу, жарақаттары бар. Хави Симонс жарақат алып қалған. Куман бас бапкер. Ал сол чемпион болып кетсе ше? Күтпеген жерден.. әлем чемпионаты на то и әлем чемпионаты. Мундиаль ол, осындай біреуі жеңіп кетуі мүмкін", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Германия - Кот-д'Ивуар ойыны жайлы пікір білдірді:
"Сәл эконом режиміне көшті деп ойламайсыздар ма Германияны? Жалпы, ойынға күшін үнемдеп шыққан секілді. Рюдигерлерді себебі Наггельсман екінші таймда ғана шығарды. Кішігірім ротация жасап, 50% күшпен ойнап, нәтижені жасап алғысы келді немістер", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен әр құрлықтың ойыншылары футболға қалай келіп, бейімделетінін атап өтті:
"Әр ұлттың өз икемділігі бар. Африкандықтар үшін спорт - әлеуметтік лифт. Яғни, кедейліктің түндігін түліп отырып, әрі қарай шығып кетіп, арғы Европадағы жарық өмірге жетіп алу. Жалғыз мәселе сол, спорт, футбол көтереді, Оңтүстік Америка үшін де жағдай сондай", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Өзбекстан - Колумбия (1:3) ойынына қатысты өзбектерге не жетіспегенін атап өтті:
"Өзбекстан құрамасы ойнаған кезде, өздері де сеніңкіремей жүрген сияқты көрінді әлем чемпионатында ойнап жүргеніне. Кейін есепті теңестірген кезде, былай бір біріне қарап, сәл есеңгіреп қалды да, бір спорттық ашу жетіспей қалды. Қадап жіберетін жерде қадай алмады, ұрып, кәдімгідей жаға жыртысып, сары қағаз алсада, беріспей, шегінбей ойнайтын кезде олай ойнамады. Каннавароны негізі сол үшін де әкелді ғой, итальяндық духты алып келу үшін командаға", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Елдос Ахметов Англия шабуылшысы Харри Кейннің ойынына тамсана қарағанын атап өтті:
"Менің ойымша Англия - Хорватия ойыны ең үздік ойындардың бірі. Өйткені, мына Англияның ойынын айта алмадым. Кейннің істеп жатқаны... Кейннің позициясын кім түсінді? Қараңыздаршы, шабуылшы артқа түсіп, Беллингемді бірге бір шығарып жатыр деген не сұмдық?" – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Португалия - Конго демократиялық республикасы матчына байланысты Криштиану Роналду туралы пікір білдірді:
"Криштиану Роналду әлем чемпионаттарының және де Еуропа чемпионаттарын алғанда өз мансабында жеті рет, жеті рет (!)жылаған екен", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Лионель Мессидің соққан голдарына тамсанғанын атап өтті:
"Месси бұл ойында "на любой вкус" гол соқты. Месси 39-ға келген футболшы, бірақ осы әлем біріншілігінде ол кеудеден жан кеткенше ойнайын деп тұр, қан шыққанша ойнайын деп тұр былайша айтқанда. Өйткені, ол да түсінеді, Аргентина да сұрақ бар ғой, Месси әлде Марадона деген. Үлкен буын Марадона дейді, қазіргі Месси дейді. Бірақ осы әлем чемпионатынан кейін Месси деп кететін секілді барлығы", – деді Олжас Байбосын.