Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Бразилия ойынына қатысты пікір білдірді:
"Кеше Бразилия мен Шотландия ойынын көрдім. Винисиус керемет голдар салды. Жалпы, бразилиялықтар керемет ойнауға тырысады. Осы мына әлем чемпионатының сәні дәл осылар", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы Алмат Бекбаев Португалия ойыншыларына қатысты пікір білдірді:
"Аргентинаның ойынын көрдім. Мессидің қасындағы жолдастары, командаластары Мессиге пас береді. Месси үшін жанын береді, өледі алаңда. Әйтеуір, Месси гол соқсын деп ұмтылады. Португалиядан ондайды көрмедім. Криштиану үшін бірінші ойында ешкім тырыспады, ешкім жүгірмеді, ешкім өлмеді. Оған хотя бы пас беру керек. Ол баяғыдай шаппайды қапталда. Ода тек жақсы соққы қалды, және баспен соққы жасай алады секіріп. Тіпті басына да әуелетіп пас көтермеді", – деді Алмат Бекбаев.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар Өзбекстан құрамасының ойынына көңілі толмағанын айтты:
"Фабио Каннаваро бас бапкер тізгінін қабылдаған сәтте басты мақсат не еді? Қорғанысты реттеу. Оны не үшін шақырды? Әйтпесе, Тимур Кападзенің өзінің стилі бар, Өзбекстан ұлттық құрамасы жылдам шабуылдайтын, әдемі ойын өрнегі бар құрама еді. Фабио Каннаваро келді, қорғанысты реттеп беремін деді. Қорғаныста еш нәрсе реттелмегенін көрдік. Португалияға қарсы кездесуде құрама кәдімгідей шашылып қалды", – деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар Португалия - Өзбекстан (5:0) ойыны жайлы пікір білдірді:
"Шынында да, деңгей бөлек дейміз, әр түрлі класстағы құрамалар. Бірақ, мен Өзбекстан ұлттық құрамасынан дәл осындай дәрменсіздік болады деп күткен жоқпын", – деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы Алмат Бекбаев Өзбекстан қақпашысын кірген голдарға кінәлай алмайтын айтты:
"Кінәлауға дым себеп жоқ. Голдардың барлығы рабочий, трудовой голдар деп айтсақ болады. Түбі кіретін голдар. Дым көмектесе алмады негізі. Бірақ автогол енді "төтенше жағдай" болып қалды (күліп)", – деді Алмат Бекбаев.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Дидар Есімов Лионель Мессидің жаңа футболға тез бейімделетінін атап өтті:
"Мессиді праймда дейсіңдер ғой. Месси басқаша ойнайды ғой. Месси 2014 те басқаша ойнады, 2022 де басқаша ойнады, қазір басқаша ойнап жатыр. Мына жерде Мессидің тапқырлығы, әр позицияны уақытылы таңдауы, және де команданың да Мессиге ойнайтынын атап кету керек. Дәл осы Месси интелектуалды тұрғыда ең мықты Месси. Бірақ оның жылдамдығы баяғыдай емес, дриблингі баяғыдай емес. Бірақ интелектын өте жоғары деңгейге дейін көтеріп алған. Мысалға, Медина пас берген сәтте, Месси бос кеңістікті қалай өз өзіне жасап алғаны... Миға кірмейтін деңгей ғой", – деді Дидар Есімов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар Лионель Месси мен Криштиану Роналду бапкер бола ала ма деген сауал қойды.
Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, аргентиналық жұлдыз бапкер болуы мүмкін:
Месси бапкер болып кетуі мүмкін, ал Криштианудың бапкер болуы қиын ау. Ол жеке даярлық бапкер болуы мүмкін. Командасындағының барлығы качок болатын шығар, арық еті жоқ (күліп)", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен өзінің сүйікті ойыншысын атады:
"Мен үшін жалпы өзім көріп өскен футболшылардың ішінде ең ұлы ойыншы – ол Зинедин Зидан. Енді ол ғаламат, нағыз ақылды футболды аяққа түсірген ойыншы", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар Аргентина - Австрия матчында дубль жасаған Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді:
"Әлем чемпионаты тарихындағы рекорд жаңарды. Лионель Месси мундиальдың үздік сұрмергені атанды. Құтты болсын!", – деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 14 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын "Атыраудың" сырт алаңда ойнап жүргеніне наразылық білдірді:
"Атыраудың минусы – Атырауда ойнамағаны. "Атыраудың басшылығы.. әкімдік бар ол жақта, жанкүйерлері бар ғой олардың батыста. Соларды (жанкүйерлерді) сыйласай ең құрығанда. Ана бір стадионға ремонт жасасай ең құрығанда дұрыстап. "Атыраудың" Премьер-лигада ойнап жүргенінен ешкімге пайда жоқ. Жанкүйерлері көре алмайды ойындарын. Өгей бала сияқты былайша айтқанда. Бай аймақ қой Атырау деген. Мен түсінбеймін логикасын бұл команданың", – деді Олжас Байбосын.