Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Нидерланд - Марокко ойынына қатысты пікір білдірді:
"Пенальти сериясы басталар сәтте бұлар (Марокко құрамасы) қолын жайып, дұға оқыды ғой. Мен ойладым, болды, мыналар алып шықты уже деп. Кәдімгідей, командалық рухы басым болды әлдеқайда", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының Плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Германияның ойынына қатысты пікір білдірді:
"Германия ұшып кетті. Ойынды көрдім. Бірінші тайм аяқтала салысымен бірден айттым, мыналар алысқа бармайды деп едім. Тура сол болды ғой, сол стадионнан кетті ғой. Келесі кезеңге шықпағаны да дұрыс болды. Франция масқара қылып жіберетін еді, ойын жоқ қой Германияда", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңі жайлы болжам жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Бельгия құрамасынан үміт күтпейтінін айтты:
"Бельгия - Сенегал матчына келетін болсақ, Бельгиядан ешқандай үміт күтіп отқан жоқпын. Ойын жоқ, бірақ Сенегалды өтеді. Әйтеуір, итшілеп жүріп өтетін сияқты", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы Алмат Бекбаев Өзбекстан құрамасының бапкері Фабио Каннавароға көңілі толмағанын айтты:
"Бұл сәтте Фабио Каннавароны айта кету керек. Каннаваро нашар бапкер екенін дәлелдеді. Кезекті рет. Пустышка. Бұл бапкерді алар кезде де көрініп тұрды ғой, бэкграунды. Нөл еді ғой, нөл", – деді Алмат Бекбаев.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Норвегия - Франция матчында Килиан Мбаппенің төрешіні жұмсағанына таң қалғанын айтты:
"Екі ассист жасағаны ештеңе емес. Капитандық белгіні төрешіден беріп жібергені қалай болды? Төреші де анау мынау адам емес, Майкл Оливер болды. Брәтішкі, ананы апарып бер деді ғой короче (күліп)", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен осы әлем чемпионатында тірелген ерекше статистиканы атап өтті:
"Тағы ақпарат айта отырайын. Екі голдан соққан 20 футболшы тіркелді осы әлем чемпионатында. Бұл дегеніміз, бұл соңғы әлем чемпионатынан қазірдің өзінде озып кетті бұл әлем чемпионаты. Өткен әлем чемпионаттарында 18, 19 ойыншы болған екен осындай статистикасы бар", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Испания құрамасына қатысты пікір білдірді:
"Испания мықты, сөзсіз. Гол соқты, бірақ Испанияны артқа сүйреп жатқан бір ойыншы бар, ол Ферран Торрес. Соны алаңға шығармай-ақ қою керек шығар", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен әлем чемпионатының Плей-офф кезеңінде қарсылас атанған Нидерланд - Марокко ойынына қатысты өз болжамын айтты:
"Голландия бұл жұпта сәл басымырақ болады. Себебі, құрамында ірі-ірі қорғаушылар бар. Экстраординарлық шабуылшылар бар. Тағдырды шешшіп кететін лидерлер бар. Сондықтан, кішкене басымдық болу керек Нидерландта", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Дидар Есімов Марокко құрамасына қатысты пікір білдірді:
"Сайбаридың голы тарихи болды. Өйткені, Марокко сапында оның алдында топтық кезеңнің барлық ойынында гол соққан ойыншы болмаған. Сайбари алғашқы ойыншы болды", – деді Дидар Есімов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының үшінші турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Бразилия құрамасына Неймардың оралғаны жайлы пікір білдірді:
"Негізі, екі-үш жыл ғана жақсы футбол ойнады. Одан кейін жалпы, дисциплинасы нашар болды. Кезінде енді, сөзсіз жақсы ойнады бұл бала. Бірақ, дәл қазір Бразилия құрамасына еш пайдасы жоқ, нөл!", – деді Ермұхамед Мәулен.