Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Аргентина - Мысыр матчына қатысты өз пікірін білдірді:
"Төреші Франсуа Летексье аңдып жүріп бір пенальти беруі тиіс болған. Өйткені, ол шамасы тапсырма алып шыққан сияқты Аргентинаның құлағынан тесіп, алдыға жетектеу деген. Мінекей, момент болды, ойланбастан нүктеге көрсетті", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Елдос Ахметов Аргентинаның плей-офф кезеңінде түскен қарсыластарына күмәнмен қарады:
"Мына сетканы кім жасаған? Щли жеңіл емес пе? Соны мен былай қараймын да, Аргентинаға сондай командалар түсіп келе жатыр да. Бір әлі шымшитын команда түспеді", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст қонағы Бек Шмат Мексика - Англия ойынына қатысты пікір білдірді:
"Саутгейттың Англиясымен Тухельдің Англиясының құрамасы бірдей ғой. Бірақ, ойынына келген кезде айырмашылығы жер мен көктей екен. Тухель бапкер, Саутгейтке қарағанда. Сосын, мынау Ацтекада (мексикалық стадион) ойнау оңай емес. Мынаған қандай құрама келсе де Мексика өз алаңында ойнап тұр, өз жанкүйерлерінің алдында. Оның үстіне өте агрессивті ойнады. Бірақ Англия төтеп беру былай тұрсын, дым болмағандай екі гол салып кетті ғой. Тухельдің бір тапқырлығы, Гордон мен Саканы шығарып, Рэшфордтпен Мадуэкені алып тастады ғой, шіріді ғой алдында екеуі", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Англия - Норвегия ойынына қатысты өз пікірін білдірді:
"Енді Англияға қиын болады. Қиындық туындап тұр. Бүгін Испания мен Португалия матчы қиын болды ғой, дәл солай Норвегия мен Англияның матчы да қиын болады. Өйткені, барлығы бірін бірін таниды. Бір бірімен ойнап жүрген ағылшын чемпионатында ойнап жүрген адамдар, Чемпиондар лигасында ойнап жүрген адамдар көбісі. Мысалға, "Манчестер Ситиде" қаншама адам бар, Холандтың қалай ойнайтынын біледі, оны тырп еткізбей жабуға тырысады. Оны қазір тек Тухель емес, кез келген адам біледі. Рюдигер сияқты, қолтығының астына кіріп, ұстап тұрса, қиын болады, мінекей, осындай жағдай", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Елдос Ахметов Бразилия - Норвегия ойынына қатысты пікір білдірді:
"Осы ойыннан түсінгенім... жүйелі футболға қарсы ойнау қиын екен. Өйткені, жүйелі нәрсе кез келген жерде бірінші орында тұрады. Соның үтір нүктесіне дейін Норвегия құрамасы көрсетіп кетті", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Португалияның әлем чемпионатымен қош айтысуына қатысты пікір білдірді:
"Мен түсінбеймін. Мынау Криштиану Роналдудың фанаттары бар ғой... Фанат болғанына қарсы емеспін, фанат бола бер, бірақ әр жерге жазып кете берудің не керегі бар? Бірақ енді әр жерге барып жазып кетудің қажеті не? Тып-тыныш жата берсей үйде көріп. Футбол ғой ол. Бір күні мынау, бір күні анау ұтады. Өмірде ұтылмайтын команда болмайды ғой. "Арсеналдың" өзі ұтылды ғой 2004 жылы жеңілмей-жеңілмей келесі жылы. Түбі жеңіледі ғой. Футбол деген сол ғой. Бір команда жеңе беретін болса, біз футбол көрмейтін едік, волейбол көріп отыратын едік, баскетбол көрер едік", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Португалия құрамасының мәселелерін сөз етті:
"Португалия құрамасы негізі мықты. Тек Криштиану Роналдуды алып тастау керек та (құрамнан). Онымен бірге атмосфера, барлығын алып тастап, жаңа дәуір құру керек. Кішкентай қалды ғой енді, шыдаңдар. Бір-екі ай қалды, күте тұрыңдар 1000-голын соқсын, ресми рәсімдейміз. Бір Чанган сыйлаймыз, кілемін жабамыз, сөйтіп шығарып саламыз, дұрыс па? Шыдайықшы кішкене", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Аргентина шабуылшысы Лаутаро Мартинестің өз құрамасында ашыла алмай жүргенін атап өтті:
"Лаутаро Мартинестің неге екені түсініксіз, Аргентина құрамасына келген кезде бағы жанбайды. Мессидің көлеңкесінде, тасасында қалып кетеді. Ал негізі, Лаутаро Мартинесті, Италия чемпионатын көретін адам, Чемпиондар лигасын көріп жүрген адам біледі оның топ-форвард екенін", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Аргентина - Кабо-Верде матчына қатысты өз пікірін білдірді:
"Матч күшті болды. Аргентина ұшып кетсе екен деген қуаныш болды. Ұшып кете салуы керек еді, өйтіп ойнағанша футболды, қинап... Өз өздерін қинап. Ана Кабо-Вердеден обал болды. Күшті команда еді, бірақ сәл жетпеді енді", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен АҚШ шабуылшысы Фоларин Балогунның қызыл қағаз алғанына таң қалғанын атап өтті:
"Оның (Балогунның) ақымақтығының бір көрінісі - қызыл қағаз алған эпизод. Мүлде, еш бір маңызы жоқ нөл, мүмкін емес, допқа таласуғада шансы болмаған жерден қызыл қағаз алды. Ол сәт шабуыл кезінде болып жатыр да. Шабуылшы қызыл қағаз алу деген... Я понимаю, орталық қорғаушы, опорник алады қызыл қағазды. Ал шабуылшы қызыл қағаз алады деген ол...", – деп айтты Ермұхамед Мәулен.