Podcast

12 days ago 16.07.2026
Олжас Байбосын Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Англия
Олжас Байбосын: Пикфордтың әлсіз жері - алыстан бағытталатын соққылар
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Подкаст резиденті Олжас Байбосын Англия қақпашысы Джордан Пикфордтың әлсіз тұстарын атап өтті:

"Алыстан бұл (Пикфорд) жіберіп алады деп айттым негізі. Осы ойды мен ешқайдан алған жоқпын. Осыдан төрт жыл бұрын, 2022 жылғы әлем чемпионатыны кезінде эфирлік студияда айтқан болатынмын. Бұл алыстан жібереді. Иә, ол линияда жақсы тұрады. Жақын қашықтықтан бағытталған соққыларды, баспен ұрған соққыларға қарсы жақсы тұрады. Бірақ, ол алыстан ылғида гол жібереді. Мүмкін, көзі көрмейді, мүмкін бойы қысқалау қақпашы үшін, осындай минустары бар. Сондықтан, сол Энцо Фернандестің голы ойын тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберді", – деді Олжас Байбосын.

12 days ago 16.07.2026
Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Англия Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: Англия калькулятормен ойнаймыз деп опық жеді
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының жартылай финалына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Англия құрамасының мәселелерін атап өтті:

"Англия құрамасы басым болды, фаворит болды, ұтып жатты. Бірақ калькулятормен ойнаймыз деп опық жеді. Тура сол Гарет Саутгейттың қателігін қайталады. Англияда екі кінәрат бар ғой баяғыдан. Футболшылары негізі әрқашан мықты болады бұларда, бірақ қақпашы мен бапкерлерден проблема ғой бұларда. Сонау 1960-жылдардан, Шелтон кеткелі бері жақсы қақпашы болмаған... И в принципе, жақсы бапкер болмаған", – деді Ермұхамед Мәулен.

13 days ago 15.07.2026
Елдос Ахметов Испания ӘЧ Әлем чемпионаты ӘЧ-2026
Елдос Ахметов: Испанияда ойыншылар өзгерсе де, жүйе өзгермеген
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Подкаст резиденті Елдос Ахметов Испанияның ойын жүйесіне қатысты өз пікірін білдірді:

"Испанияда бір еске түседі да, 2012 жыл, алаңда Алонсо, Фабрегас, Бускетс, Хави деген сияқты жігіттен ойнады ғой. Мынау енді страшно ғой деймін да. Жүйе өзгермегенін осыдан-ақ білуге болады", – деді Елдос Ахметов.

13 days ago 15.07.2026
Олжас Байбосын Франция Испания Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026
Олжас Байбосын: Францияда гол салатын 100% мүмкіндік болмады
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Подкаст резиденті Олжас Байбосын Францияның Испанияға қарсы бірде-бір рет қауіпті соққы бағыттамағанын атап өтті:

"100% мүмкіндік болған жоқ. Бірінші таймда қақпаға тура бағытталған соққы болмады мүлдем, санап отырдым. Екінші таймда үш рет тепті, бірақ үшеуіде қауіпті болды деп айта алмаймын. Неге бұлай ойнағанын Францияның түсінбедім өз басым", – деді Олжас Байбосын.

13 days ago 15.07.2026
Елдос Ахметов Франция Испания ӘЧ Әлем чемпионаты ӘЧ-2026
Елдос Ахметов: Францияның алғашқы минуттан қорғанысқа көшкенін алғаш рет көрдім
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Подкаст резиденті Елдос Ахметов Дешамның ойынға деген тактикасына таң қалғанын жеткізді:

"Бапкерлік көзқараспен бір ауыз айтайын. Шыны керек, алғашқы минуттан допты қарсыласқа беріп қойып, қорғанысқа кетіп қалған Францияны бірінші рет көрдім. Соншалықты қорыққаны нес деймін да... Дешамның осындай шабуылымен, прессингке шыға ма деп ойлап едім. Білмеймін, Дешамның кетер аяғы осындай болды ма деп ойлаймын да, Зиданға орынды ерте босатып. Не сұмдық мынау?", - деп топшылады Елдос Ахметов.

13 days ago 15.07.2026
Олжас Байбосын Франция Испания Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026
Олжас Байбосын: Франция Испанияға қарсы дәрменсіз болды
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Олжас Байбосын әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалындық матчта кездескен Франциямен Испания матчында француздардың дәрменсіз болғанына таң қалды:

"Таң қалдым негізі. Қызық емес болды ойын. Франция қауқарсыз болды да... Соншалықты қауқарсыз, дәрменсіз болғанына менің ішім күйді. Футбол көргім келді, бір-бірінің аяғына кіріп, жаға жыртысып, 91 минутта гол соғып кетіп дегендей. Сондай эмоция бере алмады", – деді Олжас Байбосын.

16 days ago 12.07.2026
Олжас Байбосын Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Англия
Олжас Байбосын: Англия Пикфордпен чемпион бола алмайды
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Олжас Байбосын Англияның қақпашысы Джордан Пикфордқа қатысты пікір білдірді:

"Пикфорд деген... Мынандай қақпашымен чемпион бола алмайды ау. "Эвертонда" тұратын қақпашы ғой бұл. Өткен жылдары "Эвертон" АПЛ-ден ұшып кетейін деп жүрді ғой. Алдында ЕУРО чемпионатында да жеңе алмады ғой.. айтады ғой, жақсы қақпашы - жарты команда деп. Доннаруманың кезінде мықты тұрған кезі ше?  Сол неге ағылшындық болып туылмады екен деймін да осындайда", – деді Олжас Байбосын.

16 days ago 12.07.2026
Олжас Байбосын Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Англия Аргентина
Олжас Байбосын: Англия - Аргентина: тарихи қарсыластық болмақ
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Олжас Байбосын әлем чемпионатының жартылай финалында кездесетін Аргентинамен Англияның ойыны триллерге толы болатынына сенімді:

"Тарихи матч, тарихи қарсылас қой бір-біріне. 1986 жылы Марадона қолмен ұрып жіберді ғой (допты). Содан басталды, 40 жыл болды. 2002-де Бэкхем пенальтиден гол соғып Аргентинаға, еңіріп жылаған еді ғой. Жалғасы болады, триллер", - деді Олжас Байбосын.

16 days ago 12.07.2026
Олжас Байбосын Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Аргентина Швейцария
Олжас Байбосын: қызыл қағаз ойын тағдырын шешіп тастады
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Олжас Байбосын Швейцарияның шабуылшысы Бреель Эмболоның қызыл қағазына қатысты пікір білдірді:

"Тағы да сол әңгіме болады: сол қызыл қағазды беріп жіберді, ФИФА сүйреді деген. Жалпы, Аргентинаның жартылай қорғаушылары таза провокаторлар ғой, тарихтан солай. Кезінде, 1998 жылы Давид Бэкхеммен Диего Симеоненің историясы болған еді ғой. Симеоне жатып алады да, ал Бэкхем провокацияға беріліп қойып, бетіне түкіріп жібереді да, қызыл қағаз алып кетеді. Тура солай, бірінші сары қағаз алған сәтте Эмболо мен Паредес бір-бірімен келісе алмай жүрді. Ақыр соңында, Паредеске сары қағаз алғызамын деп, симуляция жасап, өзі қызыл алып кетті Эмболо. Сол қызыл қағаз негізінен шешіп кетті деп ойлаймын. Әйтпесе, пенальтиге барып тұрған ойын еді", - деді Олжас Байбосын.

16 days ago 12.07.2026
Олжас Байбосын Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Аргентина Лионель Месси Швейцария
Олжас Байбосын: Аргентина шаршап қалған
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Олжас Байбосын Аргентина - Швейцария матчына қатысты өз пікірін білдірді:

"Аргентина кішкене шаршап қалған, байқаған болсаңыздар. Мессиға ойнай берді соңында. Месси де қашанғы сүйрей береді? 39-ғы мужик қой, соның сол аяғына қарап отырдық қой 120-минутқа дейін. Мессиге бермей, өздері тебе берсе болады ғой...", – деді Олжас Байбосын.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11