Подкаст резиденті Олжас Байбосын Англия қақпашысы Джордан Пикфордтың әлсіз тұстарын атап өтті:
"Алыстан бұл (Пикфорд) жіберіп алады деп айттым негізі. Осы ойды мен ешқайдан алған жоқпын. Осыдан төрт жыл бұрын, 2022 жылғы әлем чемпионатыны кезінде эфирлік студияда айтқан болатынмын. Бұл алыстан жібереді. Иә, ол линияда жақсы тұрады. Жақын қашықтықтан бағытталған соққыларды, баспен ұрған соққыларға қарсы жақсы тұрады. Бірақ, ол алыстан ылғида гол жібереді. Мүмкін, көзі көрмейді, мүмкін бойы қысқалау қақпашы үшін, осындай минустары бар. Сондықтан, сол Энцо Фернандестің голы ойын тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберді", – деді Олжас Байбосын.