Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының жартылай финалына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Англия құрамасының мәселелерін атап өтті:
"Англия құрамасы басым болды, фаворит болды, ұтып жатты. Бірақ калькулятормен ойнаймыз деп опық жеді. Тура сол Гарет Саутгейттың қателігін қайталады. Англияда екі кінәрат бар ғой баяғыдан. Футболшылары негізі әрқашан мықты болады бұларда, бірақ қақпашы мен бапкерлерден проблема ғой бұларда. Сонау 1960-жылдардан, Шелтон кеткелі бері жақсы қақпашы болмаған... И в принципе, жақсы бапкер болмаған", – деді Ермұхамед Мәулен.