12 days ago 30.04.2026
Чемпиондар лигасы Бавария Елдос Ахметов бапкер

Елдос Ахметов: Венсан Компанидің алаң жиегінде болмағаны қиын болды

Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов “Бавария” бас бапкері Венсан Компани сол ойынға қатыса алмағаны командаға қаншалықты әсер еткенін айтып берді:

“Қараңыздар, 24 сағат жаныңда жүрген адам бір сағат қасыңда болмаса, қиналып кетесің, ол да солай. Сол сияқты, бас бапкердің орны бөлек, Компанидің қабағы керек болды, Компанидің ақылы мен нақылы керек болды. Бірақ соған қарамастан, Венсан ойын соңындағы баспасөз маслихатта өзінің көмекшілеріне алғысын білдіріп, оларға сенімі мол екенін жеткізді”, – деді Елдос Ахметов.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында ПСЖ өз алаңында 5:4 есебімен “Баварияны жеңе алды.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5