«Қайраттың» үстемдігін тоқтату мақсатында «Ордабасы» Нидерланд, Бразилия, Түркия және Кипрдің жоғарғы дивизиондарында ойнаған футболшыларды шақырды. Тидиан Кейтаның көрсеткіштері олармен салыстырғанда қарапайым көрінгенімен, «Клуждың» экс-жартылай қорғаушысының үлкен тәжірибесі бар.
Жезқазғандық «Ұлытау» мен Никарагуа құрамасының шабуылшысы Ариагнер Смит ҚПЛ-дың 16-турындағы «Ордабасыға» қарсы ойыннан кейін (0:1) ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында матчтың қиын тұстары және қарсыластың басымдығы туралы айтты.