«Ерекше ойыншы»: Алонсо Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
28.07.26, 14:15
Лондондық «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы бақылау матчынан (6:4) кейін 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың ойынына баға берді.
«Ерекше ойыншы»: Алонсо Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы туралы
Хаби Алонсо

«Қайрат» түлегі бастапқы құрамда алаңға шығып, кездесудің 6-шы минутында-ақ есеп ашты және «көктер» сапындағы өзінің алғашқы голын соқты.

Сатпаевтың ойын сапасы туралы:

«Мен Дастанды өткен жылдан бері, Алматыдан танимын. Ерекше ойыншы екені көрініп тұр. Ол қарсыластың қақпасына қауіп төндіре алады, қапталдан жылжи отырып, орталық шабуылшының жанындағы бос кеңістіктен өте жақсы шабуыл жасайды. Бұл оның осы клубтағы алғашқы тәжірибесі, бірақ соған қарамастан өзін жақсы жағынан көрсетті».

Премьер-лигаға дайындығы туралы:

«Ол өте өжет, мықты әрі өте жылдам. Ол сіздерді шынымен таңғалдыратын болады».

Қазақстандық футболшының маусымдағы мүмкіндіктері туралы:

«Осы маусымалды дайындық барысында көптеген шешім қабылдауымыз керек. Былтыр мұнда болмаған көптеген ойыншыларды көруге мүмкіндігіміздің бар болғаны жақсы... Кейін шешім қабылдаймыз, сондықтан маусымның алғашқы матчына құрамның қандай болатынын айту әлі ерте».

Матч туралы:

Сиднейдегі жолдастық кездесу аса нәтижелі болып, лондондықтар 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сатпаевтан бөлек «Челси» сапында Дариу Эссугу, Джейми Гиттенс және хет-трик авторы атанған Жоао Педро көзге түсті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

28.07.26, 14:15

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11