Фабрицио Романоның хабарлауынша, «зейнеткерлер» деген лақап атпен танымал «Челси» клубы Дэнни Уэлбек және Джордан Хендерсонның трансфері бойынша жұмыс жасауда.
Қос футболшы да Хаби Алонсоның командасына ауысуға дайын екенін жеткізді және жеке келісімшартқа қатысты ешқандай кедергілер жоқ.
Хендерсон «Брентфордтан» еркін агент ретінде кетеді және жақын арада «Челси» ойыншысы атануы мүмкін. Лондондық клуб тәжірибелі жартылай қорғаушыны біраз уақыттан бері қатарға қосуды көздеп жүрген. Гранит Джаканың трансфері жүзеге аспаған соң, енді Хендерсонмен келіссөз жүргізіп жатыр. Ал Уэлбектің трансфер құнын «Брайтонмен» келісу керек.
Хаби Алонсо келгенге дейін «Челсидің» 35 және 36 жастағы футболшыларды қатарға қосатынын елестету қиын еді. Бұған дейін клуб мүлдем басқа бағытты ұстанып келген. Алайда басшылық Алонсоға сенім артып, жаңа стратегияны таңдады. Енді олар тек тәжірибелі ойыншыларды ғана емес, жас таланттарды және дәл қазір нәтиже бере алатын футболшыларды да қатарға қосып жатыр. Олардың қатарында Морган Роджерс пен Максанс Лакруа бар.
35 жастағы Дэнни Уэлбек орталық шабуылшы позициясында өнер көрсетеді. Хаби Алонсо командасында тәжірибелі форвардтың болғанын қалап отыр. Уэлбектің келуімен «Челси» Лиам Делап пен Эммануэль Эмеганы жақсы ұсыныс түскен жағдайда, сатуға дайын.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.