Фофана Сәтпаевтен қашуда: «Челсидің» Аустралиядағы жаттығуынан Дастанның жаңа суреттері жарияланды

Автор
Fonteam редактор
Автор
27.07.26, 09:49
Желіде лондондық «Челсидің» Сиднейдегі жаттығу лагерінен 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың әсерлі фотосуреттері жарияланды.
Фофана Сәтпаевтен қашуда: «Челсидің» Аустралиядағы жаттығуынан Дастанның жаңа суреттері жарияланды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қайрат» түлегі «көктердің» негізгі құрамымен бірге Хаби Алонсоның басшылығымен толыққанды маусымалды дайындықтан өтуде. Кадрлардың бірінде лондондықтардың француздық қорғаушысы Уэсли Фофананың жас қазақстандық форвардтың прессингінен сытылып шығуға тырысқан сәті түсірілген.

Жанкүйерлер ауқымды жазғы турне аясында Сәтпаевтың лондондықтардың негізгі құрамындағы дебютін асыға күтуде.

«Көктердің» ауқымды жазғы турнесі Сиднейде басталады, онда 83 мыңдық Accor Stadium аренасында команда 28 шілдеде «Вестерн Сидней Уондерерспен» кездеседі, ал 1 тамызда «Тоттенхэмге» қарсы дерби өткізеді. Содан кейін лондондықтар Гонконгқа «Ювентуспен» өтетін кездесуге аттанады (5 тамыз), кейін Джакартада «Миланмен» (8 тамыз) және Малайзияда «Джохор Дарул Тазиммен» (9 тамыз) ойнайды. Маусым басталар алдындағы басты репетиция 15 тамызда Лондонда, «Стемфорд Бридж» стадионында «Реал Сосьедадқа» қарсы өтеді.

Еске сала кетейік, «Қайрат» түлегінің лондондық клубпен ресми толыққанды келісімшарты тамыз айында – футболшы 18 жасқа толған бойда күшіне енеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

27.07.26, 09:49

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11