16 маусымда-ақ «Қайрат» 2026/2027 маусымындағы алғашқы еурокубоктық қарсыласын біледі – дәл осы күні Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында Лондонның «Арсеналы» мен «ПСЖ» арасындағы Чемпиондар лигасының финалынан алған әсерімен бөлісті. Ойын негізгі уақытта 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында париждіктер басым түсті (4:3).
Францияда ПСЖ-ның Лондондық «Арсеналға» қарсы Чемпиондар лигасы финалындағы жеңісінен кейін жаппай ұсталымдар орын алды. Елдің ІІМ дерегінше, құқық қорғау органдары 416 адамды ұстады, олардың басым бөлігі Парижде.