Артур Шушеначев – 2026 жылғы ҚПЛ-дың ең көп талқыланатын футболшыларының бірі. Маусымда жеті нәтижелі әрекет жасағанына қарамастан, «Ақтөбе» шабуылшысы жанкүйерлер тарапынан ауыр сынға ұшырады. ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық ойыншының агенті Сергей Цырин оның қазіргі бабы мен жағдайы туралы айтып берді.
Соңғы екі жылда «Ақтөбе» тоғыз төрағаны, директорды, сондай-ақ бас бапкерлерді ауыстырды. Мамыр айының соңында бұл тізімді матч-менеджер Арон Мұқанов толықтырды – маман бір тиын да алмастан, қызметтен кететінін мәлімдеді.