"Ливерпуль" Мохамед Салахтың "мұрагерін" тапты

Автор
Fonteam редактор
Автор
10.04.26, 06:31
"Ливерпуль" маусымының соңында командамен қоштасатын Мохамед Салахтың орнын басатын шабуылшы іздеуде.
"Ливерпуль" Мохамед Салахтың "мұрагерін" тапты
Коллаж Fonteam.kz

Мерсисайдтықтардың қызығушылық танытып отырған ойыншысы — "Хоффенхаймның" 20 жастағы вингері Базумана Туре. Бұл туралы Bild хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, ағылшын клубының скауттары 31 наурыз күні өткен Шотландия мен Кот-д’Ивуар құрамалары арасындағы матчты тамашалаған. Сол ойында ивуариялық футболшы 90 минут толық алаңда болды. Туреге "Ливерпульден" бөлек "Астон Вилла" клубы да қызығушылық танытып отыр.

Туренің жеке нәтижесі қандай?

Ағымдағы Бундеслига маусымында Туре 24 матч өткізіп, 2 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Жас шабуылшы "Хоффенхаймның" ең үздік ассистенті. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 40 миллион еуроға бағаланады.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5