Самат Смақов Чемпиондар лигасы финалының фаворитін атады

Автор
Fonteam редактор
Автор
26.05.26, 09:00
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов Sports24.kz сайтына берген сұхбатында Лондон клубына қарағанда, «ПСЖ»-ның Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жету мүмкіндігі жоғары екенін айтты.
Самат Смақов Чемпиондар лигасы финалының фаворитін атады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Фаворит – Париж клубы. Оларда тәжірибелі ойыншылар көп, әрқайсысы жеке шеберлігі жоғары футболшылардан құралған. Психологиялық тұрғыда да олар әлдеқайда тұрақты. «Арсенал» – жастау команда, олар жиырма жыл бойы финалға шықпаған, соңғы рет «Барселонаға» қарсы ойнап, жеңіліп қалған. Сондықтан ПСЖ «Бавариядан» өтіп, финалға шыққаны – олардың психологиялық тұрғыда да жақсы дайындалғанын көрсетеді, сол себепті олар трофейді алады деп ойлаймын», – деді Самат Смақов.

Қызығы, «Арсенал» Чемпиондар лигасының финалына алғаш рет 2005/06 маусымынан бері шығып отыр. 20 жыл бұрын «канонирлер» шешуші ойында «Барселонаға» жол берген еді. «Пари Сен-Жермен» мен «Арсенал» арасындағы финалды Германиядан келген Даниэль Зиберт төрелік етеді.

Айта кетейік, Париждік клуб Чемпиондар лигасының финалына екінші жыл қатарынан шығып, өз титулын қорғауға тырыспақ.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8