«Ертістің» көшбасшысы: Жұмасқалиев бойымызға сенімділік ұялатуда

Автор
Fonteam редактор
Автор
25.05.26, 11:00
«Ертістің» вингері Жан-Морель Поэ ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Нұрбол Жұмасқалиевтің бас бапкер қызметіне келуімен командада болған өзгерістер туралы айтты.
«Ертістің» көшбасшысы: Жұмасқалиев бойымызға сенімділік ұялатуда
Сурет: ашық дереккөздерден

«Шынын айтсам, бапкердің мінезі өте сабырлы. Ол бойымызға сенімділік пен еркіндік ұялатады. Сондай-ақ, бізбен көп тілдеседі, бұл командаға серпін береді. Енді жеңіске жету үшін жұмысты жалғастыруымыз керек», – деді ивуарлық ойыншы.

Сонымен қатар, Поэ «Каспий» қақпасына соққан дубліне қатысты пікір білдірді:

«Екінші голды инстинкт пен сәттіліктің арқасында соқтым – мұны ашық мойындаймын. Доп маңдайшаға тигеннен кейін маған қарай секірді. Ал бірінші эпизодта Швырев көмектесті, маған тек алға ұмтылу ғана қалды», – деп толықтырды ол.

ҚПЛ-дың 11-турындағы матчта «Ертіс» «Каспиймен» тең түсті (2:2). Бұл ойын павлодарлықтар үшін «Тобылдың» экс-бапкері Нұрбол Жұмасқалиевтің жетекшілігімен өткен екінші кездесу болды.

Осы маусымда Жан-Морель Поэ алаңға тоғыз рет шығып, үш гол соқты. Бұған дейін қанаттағы шабуылшы украиналық «Кривбасс» және грекиялық «Ираклис» клубтарында өнер көрсеткен.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

25.05.26, 11:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11