«Оқжетпес» «Астананы» жеңіп, ҚПЛ-дың үздік үштігіне бекіді

Автор
Fonteam редактор
Автор
16.05.26, 14:00
Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында «Оқжетпес» өз алаңында «Астананы» қабылдады.
«Оқжетпес» «Астананы» жеңіп, ҚПЛ-дың үздік үштігіне бекіді
Сурет: ашық дереккөздерден

Алғашқы таймда командалар бірдей деңгейде ойнап, алаң иелері сәл басымдық танытты. Үзіліске кокшетаулық команда минималды басымдықпен кетті. Лотоцкий қосымша уақытта алаң иелерін алға шығарды.

Екінші таймда «Оқжетпес» есепті ұстап ойнады, ал қонақтар бұған жауап қайтара алмады. Оған қоса, матч соңында астаналықтар сапында Башич тікелей қызыл қағаз алып, командасы азшылықта қалды.

Бұл жеңістен кейін Көкшетау ұжымы ҚПЛ турнир кестесінде 19 ұпаймен үшінші орынға орнықты. Григорий Бабаянның командасы 15 ұпаймен бесінші сатыда.

ҚПЛ, 10-тур

«Оқжетпес» – «Астана» 1:0

Гол: Лотоцкий, 45+3

Қызыл қағаз: Башич, 80, («Астана»)

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5