«Реалға» үлкен өзгеріс қажет»: Анчелотти - Моуринью мен клуб мәселелері туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
16.05.26, 08:00
Анчелотти Моуриньюдің «Реалға» оралуын қолдап, клубтың басты мәселесін атады.
«Реалға» үлкен өзгеріс қажет»: Анчелотти - Моуринью мен клуб мәселелері туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Жозе Моуриньюдің мадридтік «Реалға» қайта оралуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді.

Италиялық маман португалиялық бапкердің қайта келуіне қарсы емес екенін айтып, қазіргі таңда мадридтік клубқа үлкен өзгеріс қажет екенін жеткізді.

Анчелотти қазіргі «Реалдың» мәселесі туралы айтты

Бұрынғы бапкердің пікірінше, соңғы жылдары команда киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфераны қалыптастырып жүрген негізгі көшбасшыларынан айырылып қалған.

«Егер Моуринью шынымен «Реалға» оралса, мен ол үшін тек қуанамын. Ол бұрын жұмыс істеген клубтарында қандай нәтиже көрсетті, мұнда да сондай жұмысты атқара алатынына сенемін. Қазір мадридтік клубқа үлкен өзгеріс қажет. Соңғы жылдары командадан Каземиро, Кроос, Модрич, Бензема секілді маңызды футболшылар кетті. Дәл осындай ойыншылар ұжымның мінезін қалыптастыратын. Үлкен жетістікке жету үшін тек мықты футболшылар жеткіліксіз. Команда ішіндегі баланс, мінез және нағыз көшбасшылардың болуы өте маңызды. Меніңше, «Реалға» бұрынғы жеңіс атмосферасын қайтару үшін уақыт керек болады», - деді Анчелотти.

Анчелотти кеткеннен кейін «Реал» өзін әлі таба алмай жүр

Еске салайық, Карло Анчелотти мадридтік клубтан 2025 жылы екінші рет кеткен болатын.

Одан кейін команданы алдымен Хаби Алонсо, кейін Альваро Арбелоа жаттықтырды. Алайда әзірге екі маманның да «Реалға» бұрынғы тұрақтылық пен нәтижені қайтара алмағаны айтылып жүр.

Команда ішіндегі жанжалдар мен киім ауыстыратын бөлмедегі мәселелер туралы әңгімелерден кейін Испанияда Жозе Моуриньюдің оралуы жиі талқылана бастады.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5