2026 жылы трансферлік терезе 10 маусымда ашылып, 16 шілдеде жабылады.
Бұған дейін жаңа ойыншыларды тіркеу тек шілде айында басталатын. Кестені маусым айының басына ауыстыру еурокубоктарда ел намысын қорғайтын қазақстандық клубтардың мүддесіне байланысты: трансферлік терезе ерте ашылғандықтан халықаралық матчтар басталғанға дейін жаңа ойыншылардың ұжымға бейімделіп үлгеруіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бұл шешім командалардағы жарақаттардың жиілеуіне және маусым ортасында құрамды жедел күшейту қажеттілігіне, яғни кадр тапшылығына байланысты қабылданды.