«Қайсар» көшбасшысы хейт туралы: «Тобылға» гол соғу маңызды болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.05.26, 09:00
«Қайсардың» орталық қорғаушысы Нияз Идрисов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында соңғы уақыттағы сынға қатысты пікір білдірді.
«Қайсар» көшбасшысы хейт туралы: «Тобылға» гол соғу маңызды болды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қайсардың» орталық қорғаушысы Нияз Идрисов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында соңғы уақыттағы сынға қатысты пікір білдірді.

«Бұл гол маған өте қажет еді. Осындай қиын матчта шешуші допты соғып, командаға пайда тигізгеніме Аллаға шүкір айтамын. Маған осы соққыны сеніп тапсырғандарына алғысым шексіз. Жартылай финалға шыққанымыз – үлкен бақыт.

Әр футболшының мансабында мұндай сәттер болып тұрады. Ең бастысы – дұрыс қабылдап, берілмеу. «Қайсарда» өз тәжірибесімен бөлісіп, қолдау көрсететін үлкен ағаларымыздың бары қуантады», – деді Идрисов.

26 жастағы Нияз Идрисов Қазақстан Кубогының 1/4 финалында «Тобылға» қарсы пенальти сериясында шешуші голды соғып, қызылордалықтарға жеңіс сыйлады (1:1, пен. бойынша 5:3). Соңғы апталарда қорғаушы жанкүйерлер тарапынан қатты сынға ұшыраған болатын.

Айта кетейік, 10 турдың қорытындысы бойынша «Қайсар» ҚПЛ-да әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. Егер команда алдағы ойында тағы да «Тобылдан» жеңілсе, бас бапкер Андрей Ферапонтовтың қызметінен кету ықтималдығы жоғары.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5