«Бұл эмоцияға толы ойын болды, сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Пенальти сериясына келетін болсақ, өзіме нық сенімді болдым. Матч кезінде мен командаға сендім, ал пенальтиде команда маған сенді. Осы сенімділіктің арқасында жеңіске жетіп, бапкерлердің үмітін ақтадық деп ойлаймын. Сондай-ақ, ақтөбелік жанкүйерлерге осындай эмоция сыйлағандары үшін алғыс айтамын», – деді Әлиақбар.
Негізгі уақытта Айдин Зельковичтің голына «Алтайдың» 23 жастағы қорғаушысы Тимур Реджепов дәл соққымен жауап берді. Ал 20 жасар қақпашы Әбілқайыр Әлиақбар пенальти сериясында екі соққыны қайтарып, командасын алға сүйреді.
Осылайша, жарыстың жартылай финалында «Алтай» «Ордабасымен» кездеседі. Жеңімпаз екі ойынның қорытындысы бойынша анықталады.