Бразилиялық шабуылшы Рикардо Виана Фильо, яғни Рикардиньо алматылық «Қайраттан» кетті. Тараптар келісімшартты өзара келісім негізінде тоқтатты.
25 жастағы футболшы «Қайрат» сапына өткен жылдың маусым айында Чехияның «Виктория» (Пльзень) клубынан бір жылдық жалға алу келісімі арқылы қосылған болатын. Бразилиялық ойыншы алматылық клубтағы алғашқы матчында-ақ гол соғып, жанкүйерлер назарын аударды.
Жалпы Рикардиньо «Қайрат» құрамында 32 матч өткізіп, 4 гол мен 2 нәтижелі пас авторы атанды. Оның соққан маңызды голдарының бірі Англияның «Арсеналына» қарсы Чемпиондар лигасы кездесуінде тіркелді.
Клубтың баспасөз қызметі футболшыға алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тіледі.
Қазіргі таңда Transfermarkt порталы Рикардиньоның трансферлік құнын 700 мың еуроға бағалап отыр. Әзірге футболшының мансабын Чехияның «Викториясында» жалғастыра ма, әлде басқа клубқа ауыса ма — белгісіз.