«Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Николай Костов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайсарға» келуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
«Менімен Қызылордадан ешкім байланысқа шыққан жоқ», – деп қысқа қайырды болгариялық маман.
Бұған дейін БАҚ беттерінде 62 жастағы маман «қасқырлар» басшылығы қарастырып жатқан үміткерлердің бірі екені туралы ақпарат тараған болатын. Клуб басшылығы маусымның басталуына көңілі толмайды және алдағы турларда нәтиже болмаса, бапкерлер штабын ауыстыруға дайын.
Болгариялық маман «Ақтөбеден» (2025 жылдың тамызы – 2026 жылдың наурызы) бөлек, қарағандылық «Шахтер» мен ақтаулық «Каспий» клубтарын басқарған.