«Маған 38 жасқа жуықтап қалды, бірақ физикалық тұрғыдан өзімді жақсы сезінемін, сондықтан түрлі нұсқаларды қарастырып жүрмін.
Мен тек ойнап қана қоймай, өмірден ләззат алатын уақыт келгенін де ескеруім керек. Деңгейі төмендеу лигалар ма? Мүмкін, ондай нұсқа да пайда болар, оны жоққа шығармаймын. Келісімшартымның аяқталуына шамамен 50 күн қалды, сондықтан шешім қабылдауға әлі уақыт бар. Бірнеше ұсынысты тыңдап, содан кейін нақты шешім қабылдаймын.
Қазір қай жерде жүргенімді бағалаймын және маған бәрі ұнайды. Алда не боларын көрерміз, бірақ бір нәрсені нақты айта аламын: мен мансабымды жалғастырамын», — деді поляк шабуылшысы AS басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Барселона сапында Левандовски осы маусымда Испания чемпионатын жеңіп алды.