Арне Слот Салах пен Алиссонның жарақаты жайлы мәлімдеме жасады

Автор
Fonteam редактор
Автор
08.05.26, 09:39
Англия Премьер-лигасының 36-туры аясындағы «Челсиге» қарсы матч алдында «Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот жарақат алған Алиссон Бекер мен Мохамед Салахтың жағдайы туралы айтты.
Арне Слот Салах пен Алиссонның жарақаты жайлы мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

Англия Премьер-лигасының 36-туры аясындағы «Челсиге» қарсы матч алдында «Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот жарақат алған Алиссон Бекер мен Мохамед Салахтың жағдайы туралы айтты. Командалар кездесуі сенбі, 9 мамыр күні өтеді.

«Алиссон әлі бізбен бірге жаттығып жатқан жоқ, бірақ соған өте жақын. Мо [Салах] та әзірге командамен жаттықпады, алайда ол да Алиссон секілді жаттығуға оралуға жақын», — деді Слот «Ливерпульдің» ресми сайтына берген сұхбатында.

Осы маусымда Алиссон Бекер барлық турнирде клуб сапында 34 матч өткізді. Ал Мохамед Салах 39 кездесуде 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

35 турдан кейін «Ливерпуль» 58 ұпаймен Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. 48 ұпай жинаған «Челси» тоғызыншы сатыға жайғасқан.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5