Чемпиондар лигасы: «ПСЖ» финалға шықты

Автор
Fonteam редактор
Автор
07.05.26, 09:08
Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы жартылай финалдың қарымта матчы аяқталды.
Чемпиондар лигасы: «ПСЖ» финалға шықты
Сурет: ашық дереккөздерден

Онда германиялық «Бавария» мен франциялық «ПСЖ» кездесті. Ойын «Арена Мюнхен» стадионында өтіп, оған Жоау Педру Пиньейру бас төреші болды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Голдар: Ойындағы алғашқы голды 3-минутта париждіктердің шабуылшысы Усман Дембеле соқты. Кездесудің соңында, 90+4-минутта «Бавария» форварды Гарри Кейн есепті теңестірді.

Сейвтер: «ПСЖ-ның» ресейлік қақпашысы Матвей Сафонов бес рет сейв жасап, командасын голдан құтқарды.

Финалға жолдама

Командалар арасындағы алғашқы матч 5:4 есебімен «ПСЖ-ның» пайдасына аяқталған болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша париждіктер Чемпиондар лигасының финалына шықты. Олар финалда лондондық «Арсеналмен» кездеседі.

Алдыңғы кезеңдер:

1/4 финалда: «ПСЖ» екі кездесудің қорытындысы бойынша «Ливерпульді» 4:0 есебімен жеңген еді.

Сол кезеңде: Мюнхендіктер екі матчтың нәтижесінде мадридтік «Реалдан» 6:4 есебімен басым түскен болатын.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5