Оразбахтин чемпиондыққа үміткер клубтарды атады

Автор
Fonteam редактор
Автор
07.05.26, 05:00
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Қазақстан Премьер-Лигасындағы биылғы бәсекелестік туралы пікір білдіріп, чемпионаттағы жоғары орындарға үміткер командаларды атады.
Оразбахтин чемпиондыққа үміткер клубтарды атады
Рафаэль Оразбахтин. Фото: "Қайрат" ФК

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Премьер-Лигасындағы биылғы бәсекелестік туралы пікір білдіріп, чемпионаттағы жоғары орындарға үміткер командаларды атады.

— Чемпионаттың үштен бірі өтті. Сіздің ойыңызша, басты үміткерлер кімдер? Әрине, өз командаңызды есептемегенде.

— Бұрын айтқанымдай, меніңше, өткен жылы көш басында болған командалар биыл да сол деңгейде болады. Бірақ менің ойымша, биыл чемпионаттың деңгейі күшейді. Бұған сапалы легионерлердің келуі әсер етіп жатыр — көптеген клубтар мықты шетелдік футболшылар мен бапкерлерді шақыруда. Меніңше, чемпионаттың деңгейі өсіп келеді, сондықтан биыл бәсеке әлдеқайда қиын.

Бұрын айтқан командаларым сол күйі қалды: «Ордабасы», «Елімай», «Тобыл». Қазір «Тобылдың» жағдайы қиын екені түсінікті, бірақ әлеуетіне қарай олар чемпиондық үшін күресуі керек. Сондай-ақ «Астананы» да есептен шығармаймын — олардың тәжірибесі жеткілікті, сондықтан олар да жоғары орындарға таласады. Қазір қай команда тұрақты нәтиже көрсетсе, сол ұжымның мүмкіндігі көбірек болады.

Айта кетейік, «Қайрат» — Қазақстан Премьер-Лигасының қазіргі чемпионы. Өткен маусымда «Астана» екінші орын алса, «Елімай» төртінші сатыға тұрақтады. Ал «Тобыл» қола жүлдегер атанып, ел Кубогын жеңіп алған еді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

07.05.26, 05:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11