ҚПЛ-да ойнаған польшалық шабуылшы: Капустка Қазақстандағы инфрақұрылымды көріп шок алады

Автор
Алихан Ибраев
Автор
30.04.26, 11:28
«Атыраудың» бұрынғы шабуылшысы Пшемыслав Трытко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Легия» жартылай қорғаушысы Бартош Капустканың Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін екендігі туралы қауесетке қатысты пікір білдірді.
ҚПЛ-да ойнаған польшалық шабуылшы: Капустка Қазақстандағы инфрақұрылымды көріп шок алады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Атыраудың» бұрынғы шабуылшысы Пшемыслав Трытко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Легия» жартылай қорғаушысы Бартош Капустканың Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін екендігі туралы қауесетке қатысты пікір білдірді.

«Егер Бартош бұл трансферге бел байласа, оған Польша құрамасына қайта оралу өте қиын болады. Біздің бапкер Сауд Арабиясы немесе Катарда ойнайтын футболшыларды аса ұнатпайды, Қазақстанға қатысты да солай болады деп ойлаймын. Бұл мүмкін емес емес, бірақ өте қиын шаруа.

Меніңше, егер ол шынымен ҚПЛ-ға келетін болса, тек екі клубты – «Астана» немесе «Қайратты» ғана қарастырады. Егер денсаулығында кінәрат болмаса, ол бұл командалар үшін мықты күш болары анық.

Бірақ Бартош мұндағы инфрақұрылым деңгейін көріп, нағыз шок алатыны сөзсіз. Ол Батыс Еуропада ойнаған, ал Польшада «Легия» сапында өнер көрсетеді. Ол жақта бәрі: стадион, база, атмосфера жоғары деңгейде. Мұндай жағдайлардан кейін Қазақстан футболының шындығы оны қатты есеңгіретіп тастайды», – деп мәлімдеді Трытко.

38 жастағы Пшемыслав Трытко 2016 жылғы маусымда «Атырау» сапында өнер көрсеткен (31 матч, жеті гол және үш нәтижелі пас).

Бұған дейін БАҚ беттерінде «Лестердің» және Польша құрамасының экс-ойыншысы Бартош Капустка жазғы трансферлік кезеңде ҚПЛ-дағы топ-клубтардың біріне ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5