Көкшетаулық «Оқжетпес» Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдады.
Матч Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионында өтті. Кездесуге Қызылорда қаласынан келген Данияр Сахи бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Оқжетпес»: Лобанцев, Лотоцкий, Де Ассунсау, Кузьмичев, Нұрымбет, Васильев, Бородин, Совпель, Абдуманнонов, Мұхаметханов, Өміртаев;
«Жеңіс»: Плотников, Тұрсынбай, Шараванья, Хасейн, Аскаров, Мартинс, Меркель, Быстров, Ульшин, Йеде, Дос Сантос.
Бірінші таймда командалар гол алмасып үлгерді: 14-минутта Андрей Ульшин есеп ашса, 20-минутта Бектемир Абдуманнонов таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін Сағадат Тұрсынбай (65-минут) мен алаңға қосалқы құрамнан шыққан Элдер Сантана (83-минут) «Жеңіске» жеңіс сыйлады. Ал Тоқтар Жанқылышбайдың (90+4) голы тек есеп айырмасын қысқартуға ғана жетті — 3:2, елордалық команданың пайдасына.
Осылайша, «Жеңіс» Қазақстан Кубогының ширек финалына өтті, ал «Оқжетпес» турнирдегі өнерін аяқтады.
«Оқжетпес» — «Жеңіс» 2:3 (1:1)
Голдар: Ульшин 14 (0:1), Абдуманнонов 20 (1:1), Тұрсынбай 65 (1:2), Сантана 83 (1:3), Жанұылышбай 90+4 (2:3).