Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында ойнауы жайлы мәлімдеме жасады

Автор
Fonteam редактор
Автор
29.04.26, 11:46
Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026/2027 жылғы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне дейін алматылық клуб сапында ойнай алатынын айтты
Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында ойнауы жайлы мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026/2027 жылғы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне дейін алматылық клуб сапында ойнай алатынын айтты.

— Чемпиондар лигасы саған қалай әсер етті?

— Бұл бәрібір біздің алғашқы тәжірибеміз. Әрине, көбірек ұпай жинаймыз деп күттік. Осы маусымда еуропалық командаларға лайықты қарсылық көрсете аламыз деп ойлаймыз.

— Іріктеу кезеңінде ме?

— Иә. Қайтадан жолдама алуға тырысамыз.

— Бірақ сен олармен бірге ойнамайсың ғой?

— Үшінші кезеңге дейін осындамын.

— Демек, жігіттерге тағы да Чемпиондар лигасына шығуға көмектесесің бе?

— Иншаллах, иә.

2025 жылдың басында «Челси» Сәтпаевтың трансферлік құқығын ресми түрде сатып алған болатын. Алайда 18 жасқа толғанға дейін футболшы «Қайратта» жалға ойнайды. Келісімшартқа сәйкес, биыл 12 тамызда 18 жасқа толған соң, ойыншы лондондық клубтың қарамағына қосылады.

Чемпиондар лигасының іріктеу және жалпы кезеңдерінде Сәтпаев «Қайрат» сапында 12 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5