2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчы аяқталды. Бұл ойында Францияның Пари Сен-Жермен клубы мен Германияның Бавария командасы кездесті. Париждік ұжым 5:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу Париж қаласындағы Парк де Пренс стадионында өтті. Бас төреші — Сандро Шерер (Бюттикон, Швейцария).
17-минутта Гарри Кейн пенальтиден гол соғып, мюнхендіктерді алға шығарды. 25-минутта Хвича Кварацхелия есепті теңестірді. 33-минутта Жоау Невеш париждіктердің екінші голын соқты. 41-минутта Майкл Олисе есепті 2:2-ге жеткізді. 45+5-минутта Усман Дембеле пенальтиден гол соғып, өз командасын қайта алға шығарды.
56-минутта Кварацхелия дубль авторы атанды. 58-минутта Дембеле есепті 5:2-ге жеткізді. 65-минутта Деотшанкюль Юпамекано «Баварияның» үшінші голын соқты. 69-минутта Луис Диас мюнхендіктердің төртінші добын салды.
Қарымта матч 6 мамыр күні Арена Мюнхен стадионында өтеді.
Ширек финалда париждіктер екі матчтың қорытындысы бойынша Ливерпуль клубын 4:0 есебімен жеңді. Ал мюнхендіктер осы кезеңде мадридтік Реал командасын 6:4 есебімен ұтты.