Ресейлік бапкер Магомед Адиев Беларусьтың «МЛ Витебск» клубының бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 48 жастағы маманмен жасалған келісімшарттың мерзімі нақтыланбаған.
Адиев «Крылья Советов» клубының бас бапкері қызметінен 1 сәуір күні кеткен болатын. Бұған дейін ол «Волга», «Терек-2», «Легион Динамо», «Анжи», «Чайка», «Шахтёр Караганда», «Ахмат» және «Химки» командаларын жаттықтырған. Сондай-ақ Қазақстан құрамасын да (20 матч) басқарған.
«МЛ Витебск» — Беларусь чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Ел біріншілігінің алғашқы бес турында команда 11 ұпай жинап, 2-орында келеді. Олар көш бастап тұрған минскілік «Динамодан» екі ұпайға қалып отыр. Бұған дейін «МЛ Витебск» клубы Михаил Мартинович пен оның жаттықтырушылар штабын қызметінен босатқан еді. Мартинович команданы 2025 жылдың қазан айынан бері басқарған.