Кобби Майну "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартты ұзартпақ

Автор
Алихан Ибраев
Автор
28.04.26, 12:24
Жартылай қорғаушы Кобби Майну «Манчестер Юнайтед» клубымен жаңа келісімшарттың шарттарын келісті
Кобби Майну "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартты ұзартпақ
Сурет: ашық дереккөздерден

Жартылай қорғаушы Кобби Майну «Манчестер Юнайтед» клубымен жаңа келісімшарттың шарттарын келісті. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желідегі X парақшасында хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, жаңа еңбек келісімі 2031 жылдың жазына дейін есептелген. Сондай-ақ футболшының жалақысы айтарлықтай өседі. Клуб жартылай қорғаушымен келісімшартты ұзартқанын осы маусым аяқталғанға дейін, тіпті осы аптада-ақ ресми түрде жариялауы мүмкін.

Осы маусымда Майну барлық турнирде 26 матч өткізіп, үш нәтижелі пас берген. Transfermarkt сайтының мәліметі бойынша, ойыншының нарықтық құны 50 миллион еуроны құрайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

28.04.26, 12:24

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11