Ұлттық құраманың экс-бапкері Беларусь клубын басқармақ

Автор
Fonteam редактор
Автор
27.04.26, 12:40
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері және бірқатар ресейлік клубтарды жаттықтырған Магомед Адиев «МЛ Витебск» командасымен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады.
Ұлттық құраманың экс-бапкері Беларусь клубын басқармақ
Магомед Адиев.

Бұған дейін маманның аталған клубқа тағайындалуы мүмкін екенін bel.football басылымы хабарлаған болатын.

— Сізде беларусьтік «МЛ Витебск» клубын басқару нұсқасы рас па?

— Иә, белгілі бір әңгімелер бар, келіссөздер жүріп жатыр. Бұл мүмкін, — деді Адиев «Чемпионат» тілшісі Владимир Четверикке берген сұхбатында.

Магомед Адиевтің соңғы жұмыс орны — самаралық «Крылья Советов» клубы болды, ол бұл командадан биылғы жылдың сәуір айында кеткен. Бұған дейін маманды шақыруға қазақстандық «Ақтөбе» де қызығушылық танытқан еді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5