"Ақтөбе" әйелдер құрамасы қарсыласын 20:0 есебімен жеңді

Автор
Fonteam редактор
Автор
27.04.26, 09:40
«Ақтөбе» әйелдер командасы Қазақстан чемпионатының бірінші тур матчында ірі жеңіске жетті.
"Ақтөбе" әйелдер құрамасы қарсыласын 20:0 есебімен жеңді
Сурет: ашық дереккөздерден

Көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы сырт алаңдағы ойында ақтөбелік футболшылар қарсыласын 20:0 есебімен тас-талқан етті.

Кездесудің басты қаһарманы Морган Томас Рид болды — ол тоғыз гол соқты. Алина Литвиненко бес рет мергендік танытты. Сондай-ақ Аида Гайстенова, Екатерина Морозова, Аяка Камимура және Анастасия Власова да гол авторлары атанды. Бұған қоса, бір доп өз қақпасына соғылды — автогол Гульназ Сайлаубекованың еншісінде.

Айта кетейік, «Ақтөбе» — Қазақстанның қазіргі чемпионы. Келесі матчты команда 5 мамыр күні өз алаңында «Астанаға» қарсы өткізеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5