Тараптарға енді тек соңғы детальдарды реттеу ғана қалды. Бұл туралы Sky Sports журналисі Флориан Плеттенберг X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, Винисиуспен келісімшарт ұзартылғаннан кейін де «қаймақтылардың» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Корольдік клубтағы» ең жоғары жалақы алатын футболшы болып қала береді.
Бұған дейін БАҚ-та Винисиустың қазіргі келісімшарт бойынша жылына 25 миллион еуро алатыны, ал Мбаппенің жалақысы 32 миллион еуроны құрайтыны хабарланған еді. Бразилиялық футболшының келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.