"Реалдың" кезекті ойыншылары жарақат алды

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.04.26, 06:28
Мадридтік «Реал» клубы ресми сайтында қорғаушы Эдер Милитао мен шабуылшы Арда Гюлердің жарақаттары туралы ақпарат жариялады.
"Реалдың" кезекті ойыншылары жарақат алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Екі футболшы да Испания чемпионатының 33-туры аясында «Алавеспен» өткен матчты соңына дейін ойнай алмады. «Реал» бұл кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Бүгін жүргізілген медициналық тексерулерден кейін ойыншымыз Эдер Милитаоның сол жақ санындағы екібасты бұлшықетінің жарақаты анықталды. Толық тексеру нәтижелері кейінірек белгілі болады.

Бүгін жүргізілген медициналық тексерулерден кейін ойыншымыз Арда Гюлердің оң жақ санындағы екібасты бұлшықетінің жарақаты анықталды. Толық тексеру нәтижелері кейінірек белгілі болады», — делінген мадридтік клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5