Қазақстандық бапкер қытайлық клубта қызметке тағайындалды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
22.04.26, 09:08
ҚПЛ клубтарының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев қытайлық «Синьцзян Цзиньдунь» клубына қақпашылар бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық бапкер қытайлық клубта қызметке тағайындалды
Сурет: ашық дереккөздерден

Үрімжі қаласының командасы кәсіпқой футболға жолдама беретін елдің деңгейі бойынша төртінші дивизионы – Қытай Чемпиондар лигасында (CMCL) өнер көрсетеді.

3 мамырда «Синьцзян Цзиньдунь» Иньчуань қаласында L тобында іріктеу кезеңін бастайды. Басты мақсат – ұлттық финалға шығып, үшінші лигаға жолдама алу. Клуб намысын қазақтар, ханзулар (қытайлықтар), ұйғырлар, және де басқа ұлт өкілдері қорғайды.

Бұл ретте Отарбаев жаңа жұмысын өзі наурыз айында келісімшартын ұзартқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жасөспірімдер құрамасындағы (U-18) қызметімен қатар алып жүреді.

Футболшы болған жылдары Самат «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтарында ойнаған, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.04.26, 09:08

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11